Павлодар қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының №2 бөлімшесі Генерал Дүйсенов 80 мекенжайына қоныс аударды. Дүйсенбіден бастап жұмысын бастап кетті. Жаңа мекенжайдағы жұмыс барысы қалай? Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар қаласындағы №2 халыққа қызмет көрсету орталығы Луговой 16 көшесінен Генерал Дүйсенов 80 көшесіне көшті. Қазіргі таңда орталық штатты режимде жұмыс жасап тұр.

АБЗАЛ ҚАБДРАШ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ PR –МЕНЕДЖЕРІ

Азаматтарға арналған үкімет МК Павлодар филиалындағы ХҚКО-ның №2 бөлімшесі Луговой көшесі 16 мекенжайынан генерал Дүйсенов 80 мекенжайына қоныс аударды. Қазіргі уақытта дүйсенбіден бастап барлық мемлекеттік қызметтер, барлық өзін-өзіне қызмет көрсету осы мекенжайда жүзеге асырылуда. Бұл шешім тұрғындардың жайлылығын арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметтерді жеңілдету мақсатында жасалып отыр.

Жаңа мекенжайдағы орталықтың тұрғындарға қызмет көрсетуі орта есеппен 30-40 пайызға артады деген жоспар бар.

АБЗАЛ ҚАБДРАШ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ PR –МЕНЕДЖЕРІ

Яғни №1 ХҚКО Павлов көшесі 48 мекенжайында, екінші бөлімше луговой 16-дан генерал Дүйсенов 80 мекенжайына ауыстырылды. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚКО Комоновтов 2 мекенжайында орналасқан. Павлодар ауданының ХҚКО Есеналиев 24 мекенжайында орналасқан.

Аталмыш халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегідей жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Самал Қалиқызы