Еліміздің кинотеатрларында «Balapan» телеарнасының мерейлі 15 жылдығына орай тұсауын кескен «Тоқты мен Серке» атты толықметрлі мультфильм көрермен қарасына жол тартты.Балалар мен ата-аналар бұл күнді асыға күткен.
Режиссер әрі сценарий авторы – Батырхан Дәуренбеков, отандық анимация саласының серпінді есімі. Мультфильм «Қошқар мен Теке» ертегісінің заманауи жаңғыруы іспеттес. Достық, адалдық және ұрлықтың соңы немен аяқталатыны – күлкілі әрі тәрбиелік сипаттағы оқиғалармен өріледі. Фильм 3D форматта жасалып, ұлттық бояуы қанық, заманауи реңкке ие. Көрермендер алғашқы көрсетілімнен-ақ
«Тоқты мен Серке» – ұлттық анимацияның жаңа парағы. Батырхан Дәуренбековтың режиссурасында бұл туынды тек балаларды ғана емес, ересектерді де рухтандырады. Отбасыңызбен бірге келіп, ұлт тәрбиесін бойға сіңіретін сапалы және тәрбиелік мазмұнды мультфильмді тамашалаңыз.
Дильназ Қуанышбекқызы