Жас түлектерге – тұрақты жұмыс.Павлодарда бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жиынға қала мен аудан әкімдіктерінің аппарат басшылары, кадр бөлімдерінің жетекшілері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері қатысты. Қазіргі таңда өңірімізде жергілікті атқарушы мекемелерде 300 ге жуық бос орын бар.
Оның 119-ы ауылдық және аудандық округтерде орналасқан. Бұл – жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасуға таптырмас мүмкіндік.
Руслан Иманқұлов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Бүгін Департамент бастамасымен осы өңірде бос орын жәрмеңкесін өткізіп отырмыз.Бос орында мына қала, аудан әкімдеріннің апарат басшылары, сонымен қатар,кадр бөлімінің қызметтері, аумақтық департаменттің кадр бөлімінің қызметкерлері осында қатысып отыр.Біздің мақсатымыз жас, осы жылы бітірген түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметке алғаш қадам жасаған жастар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. GPA көрсеткіші бойынша 3,33 және одан жоғары баллы бар түлектер байқаусыз қызметке орналаса алады. Мұндай тәжірибе жемісін беріп отыр. Былтыр осы бағдарлама арқылы 29 түлек мемлекеттік қызметке қабылданған.
Ризолла Жұмадилов, Май ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы
Қазіргі жағдайда бізге мамандар қажет болып жатыр, әсіресе техникалық және бугальтерлік. Ауылдық округтерге де керек. Қазір міне екі азаматты қабылдадық.Сөйлесіп, әңгіме жүргіздік.Енді өз ниеттеріне қарағанда келгілері келіп тұр. Бізде қазіргі таңда 11 бос орын бар.Осы 11 босорынға мамандарды қабылдауға болады.Білікті түлектер келіп жатса, бөлімдерге де қабылдауға мүмкіншілігіміз бар.
Жәрмеңкеге келген жастар ұсынылған вакансиялармен танысып, болашақ қызмет жолындағы алғашқы шешімдерін қабылдауда.
Бақытгүл Рахымбердиева, түлек
Бізге осы вакансия жайлы университет жіберді.Бос вакансия ярмаркасы болады деп, келдім қарадым вакансияларды.Өзіме келетінін қарастырамын болашақта.Өзім Торайғыров университетін бітірдім география мамандығына алдағы уақытта осы вакансияларды қарастырамын. Мен келген кезде Павлодар қаласының гослужбасы жұмыстарымен таныстырды.Қызықтырды мен осы вакансиялар,болашақта қарастырамын.
Бос орындар жәрмеңкесі жас түлектер үшін мемлекеттік қызметке жол ашатын бағдар. Бұл бастама, бір жағынан, кадр тапшылығын шешуге, екінші жағынан – жастарды ел дамуына белсене атсалысуға шақыратын мүмкіндік.
Дильназ Қуанышбекқызы