Елімізде тамыздың екінші жексенбісінде құрылысшылар күні аталып өтеді. Осы кәсіби мереке қарсаңында өз ісіне адал шебер — Евгений Сайбель туралы айтамыз. Ол облыс орталығында бірнеше ірі нысандардың құрылуына ат салысып, бүгінде Успен ауданында сұранысқа ие құрылысшылардың бірі ретінде танылып жүр. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қазір Евгений Сайбель Успен ауданында Равнополь ауылында ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп жүр. Жақын арада бұл нысан заманауи наубайханаға айналмақ.

Евгений Сайбель, құрылысшы

Мен бұл істі қалай меңгердім десеңіз, әкем бізді, мені және інімді, үнемі өзімен бірге жұмысқа алып жүретін. Ол кәсіби құрылысшы болмаса да, Дмитриевка ауылында механизатор болып еңбек етті. Құрылысқа деген қызығушылығымыз бен шеберлігімізді інім екеуміз әкемізден үйрендік деп айта аламын. Кейін екеуміз бұл іспен айналыса бастадық. Үнемі даму үстіндеміз, жұмысты толық әрі сапалы орындаймыз. Маған жұмысым қатты ұнайды, әсіресе жобаның соңғы нәтижесін көру — ерекше қуаныш. Барлығы әдемі әрі сапалы болса екен деймін.

Евгений кәсіби білімді Успен техникалық колледжінде меңгерген. Алғашқы жобаларын інісімен бірлесіп атқарған. Олар бір-бірін жақсы түсінетін үйлесімді команда болды. Кейін әрқайсысы өз жолын тауып, жеке тапсырыстармен жұмыс істей бастады. Дегенмен, күрделі немесе ірі жобалар түскен кезде олар әлі де бірігіп жұмыс істейді. Евгений алғашқы рет қатысқан жоба Павлодар қаласында орналасты. Евгений Сайбель, құрылысшы

Официально в качестве строителя я начал.. Ресми түрде құрылысшы ретінде 2003 жылы, қыста жұмыс істей бастадым. Үш ай бойы сауда үйінің құрылысына көмектестім. Сол кезде Естай мен Кутузов көшелерінің қиылысында орналасқан ғимаратты тұрғызып жатқанбыз. Бұл менің құрылыс саласындағы алғашқы тәжірибем еді. Мен тас қалаушының көмекшісі, ағаш ұстасы, сантехник болып, тіпті желдеткіш орнатумен де айналыстым. Ол кезде жалақым да жаман емес болатын.

Евгений Сайбель — тұрғын үйлерді салу және жаңғырту ісіне маманданған. Успен ауданында оған жүгінетіндер көп.

Евгений Сайбель, құрылысшы

Еліміздің болашағы зор. Жастар алға ұмтылуға керек. Құрылыс —болашағы бар сала. Жұмыс әрдайым болады, өйткені қазір көптеген маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Жұмыс істеуге де мүмкіндік мол.

Евгений Сайбель — кәсібін шын сүйетін, қолынан іс келетін маман. Ол үшін құрылыс — жай ғана жұмыс емес, өмір салты.

 Әйгерім Тоқпанқызы