Бүгіннен бастап Павлодар қаласында автобустардың жүру сызбасы жаңаша сынақтан өтеді. Қала әкімдігі қолданыстағы бағыттарды оңтайландыруды қолға алды. Жоспарға сәйкес кейбір маршруттар қысқартылып, бірқатары біріктіріледі. Ал, қалғандарының қозғалыс бағыты өзгереді.

Мәселен, жолаушы аз мінетін желілер жабылады. Бір-бірін қайталайтын бағыттар қосылады. Бұл жүйенің ерекшелігі-жолаушыларды шағын аудандардан орталықтағы негізгі маршруттарға жеткізу.

Арслан Мақсұтов, Павлодар қаласы түкш бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы

Бұл өзгерістер қала ішінде жүруді ыңғайлы және жылдам етуге, бірін-бірі қайталайтын тиімсіз бағыттарды қысқартуға бағытталған. Өзгерістер 17, 38, 41, 24, 40, 44, 66 маршруттары жеткізу режимінде жұмыс істейді. Яғни, бұл автобустар жолаушыларды негізгі жерге лдейін жетеді.

Айта кетейік, жолаушыларға бір сағат ішінде тегін ауысып міну мүмкіндігі қарастырылған. Ал, қала билігі мұндай өзгеріс бюджет шығынын азайтып, қоғамдық көлікті тиімді әрі ыңғайлы етуге септігін тигізеді дейді.

Арслан Мақсұтов, Павлодар қаласы түкш бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы

5 және 6 маршруттары тиімсіз болғандықтан қысқартылады. 1 мен 1э маршруттары біріктіріледі. 21 мен 31 маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгереді. Олар енді ыңғайлы болады. Барлық өзгерістер жүйеге енгізілді. Оны автобус қосымшасынан көруге болады.

Сынақ мерзімі бір айға созылады. Осы уақыт аралығында сарапшылар жолаушы ағынын зерттейді. Жаңа қозғалыс үлгісінің қаншалықты қолайлы екенін анықтайды. Соның нәтижесінде қоғамдық көліктің болашақтағы жұмыс тәртібі белгіленбек.

Сабина Жолдаспаева