Екібастұз қаласының ажарын айшықтай түскен жаңа муралдар бүгінде тұрғындардың көз қуанышына айналды. Биыл жергілікті бюджет есебінен арнайы қаражат бөлініп, қаланың әр бұрышында ұлы тұлғалардың бейнелері салынған 9 мурал бейнеленді. Енді қала көшелерінен батырлар мен ақындардың жарқын бейнелерін көруге болады. Толығырақ – келесі материалда.

Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «EMD-group» ЖШС-мен жалпы сомасы 39,2 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, жоба аясында 9 көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына және 641 шаршы метр қоршауға көркем суреттер салды.

 Мәди Зайкен, Екібастұз қаласы ТҮКШ бөлімі абаттандыру секторының меңгерушісі

Ағымдағы жылы қала әкімінің тапсырмасымен бютжеттен 50 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. 9 мурал салынды.Жұмыстар аяқталды.Муралдар әр көшелерге салынды.Беркинбаев көшесіне Беркинбаевтың, Мұхтар Әуезовқа Мұхтар Әуезовтың суреті,Әлия Молдағұлова көшесіне Әлия Молдағұлованың суреті салынды.Бауыржан Момышұлына Бауыржан Момышұлының және тағы да басқа суреттер салынды.

Салынған муралдардың барлығы небәрі бір ай ішінде толық аяқталып, қала тұрғындарының назарына ұсынылды.

 Мәди Зайкен,Екібастұз қаласы түкш бөлімі абаттандыру секторының меңгерушісі

Біз енді көше бір ақындардың атымен аталғасын, солардың суретін салатын болдық. Ал тағы 3 муралды біз жастардың арасында. Дауыс беріліп 3 сурет жүзеге асырылды.

Бүгінгі Екібастұз – тек өндіріс пен экономикасымен емес, мәдениетімен де дамып келе жатқан қала. Қабырғалардағы көркем муралдар – тарихымызға тағзым, ұрпаққа ұлағат болары сөзсіз.

Дильназ Қуанышбекқызы