Баянатау спорт сарайында волейболдан чемпионат өтті. Жарыстың мақсаты – өңірдегі үздік ойыншыларды іріктеп, облыс құрамасын жасақтау. Бұл турнир спортшылар үшін өз шеберлігін көрсетіп, құрама сапына қосылуға зор мүмкіндік берді.
Бұл жарыс Конституцияның 30 жылдығына орай жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Турнирге биыл 7 команда қатысты. Олардың қатарында Павлодар облысының спортшылары мен алғаш рет Ақмола және Абай облыстарынан келген ойыншылар бар. Бұл чемпионаттың ауқымын кеңейтіп, спортшылардың тәжірибе алмасуына жол ашады.
Талғат Қасымов, бас төреші
Жарыстың мақсаты облысымыздағы мықты ойыншыларды реттеп алу керек. Өйткені облысымыздағы құрама командасын құру керек. Қыркүйек айында Алматы облысында жастар ойындары болады, соған облысымыздың құрама командасын жасауға біз осы жарыстарды өткізіп отырмыз.
Чемпионатқа келген қонақтар да дайындықтарын жоғары деңгейде жүргізген. Командалар турнирдің ұйымшылдықпен өтіп жатқанын айтады. Әр ойыншы өз облысының намысын қорғап, жеңіске деген жігерін көрсетті. Бұл – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жаңа достық байланыстың орнауына ықпал етеді.
Есхат Темірханов, бапкер
Абай облысынан келіп отырмыз. Курчатов қаласының бапкері боламын. Мына турниріміз жақсы деңгейде өтіп жатыр. Мерекеміз құтты болсын. Турнир сәтті өтіп, мықтылар жеңіске жетсін.
Ермұхамед Қайдаров, қатысушы
Ақмола облысының құрама командасының капитаны боламын. Осы жарысқа өте жақсы дайындықпен келдік. Алла қаласа орын аламыз.
Чемпионат үш күнге жалғасты. Алдымен іріктеу кезеңдері өтіп, финалдық ойында мықтылар анықталды. Бұл турнир – облыстық құрама командаға спортшыларды таңдау алаңы болды.
Сабина Жолдаспаева