Павлодарда Қазақстан Республикасы VI Жастар спорт ойындары аясында таеквондо жарыстары өтуде. Елдің 17 өңірінен 250-ден астам спортшы келген бұл дүбірлі дода – төрт жылда бір өтетін маңызды спорттық шараның бір бөлігі. Жастар арасындағы бұл жарыс биыл ақпан айында басталып, қазан айында Қарағанды қаласында мәресіне жетеді. Байрақты жарыстың ашылу салтанатына тілішіміз қатысып келді.
Ашылу салтанатынан кейін қатысушыларды департамент басшысы мен федерация вице президенті құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік ойын бағдарламасына 34 спорт түрі енгізілсе, соның 24-іне біздің өңірдің спортшылары қатысып отыр. Қазір павлодарлық спортшылар жалпыкомандалық есепте 27 алтын медаль иеленіп, бесінші орында тұр.
Азамат Имашев, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Бүгін таеквондоның осы жастар ойындарының бағдарламасында Павлодарда өтіп жатқан себебі біздің спортшылардың үлкен жетістіктері Азия чемпионатындағы медальдары ҚР чемпиондары бар өзі жастар ойындары 4 жылда бір рет өтеді. Соның 3 спорт түрін Павлодарға алдық біз. Жазда бізде ганб өтті одан чемпион болдық. Үстел теннисі өтті, енді үшінші ойын бағдарламасында бұл таеквондо . Олимпиадалық спорт, бұқаралық спорт түрі көптеп қатысады. Сондықтанда бағдарлама жасағанда біз Павлодарға қойғанбыз негізі осы салмақта әр өңірден бір салмақта бір бір спортшы қатысады. Он салмақ қыздар он салмақ ерлер арасында. Ең жоқ дегенде 3 алтын аламыз деген жоспар бар.
Таеквондо жарысы әділ өтуде. Бұған төрешілік жүйенің толықтай электрондық форматта жүргізілуі кепіл. Компьютерлік технология соққының дәл тиюін нақты анықтап береді. Төрт жыл бұрын 14-орында болған Павлодар облысы биылғы көрсеткіш бойынша айтарлықтай өсім көрсетіп, 5-орынға көтерілді.Байрақты додағы Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті Айзат Қарашашев келді. Ол ойын маңыздылығын атап өтті.
Айзат Қарашашев, ҚР таеквондо федерациясының вице-президенті
Елімізде таеквонда олимпиадалық спорт түрі болған соң. Оған аса көңіл бөліп жатыр. Мемлекет тарапынан да барша қолдау көрсетіліп жатыр. Жастар балалар болсын ересектер болсын жалпы таеквонды спорт түрі жақсы дамып келеді. Бізде федерация тарапынан биыл Қазақстан оупен деген халықаралық жарыс өткіздік. Бәріміздің мақсатымыз, арманымыз жастардан басталады. Ойын жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Адал жарыс болсын дейміз.
Таеквонда денсаулықты нығайтады, өзін-өзі қорғауды үйретеді, тәртіпке, жауапкершілікке баулиды және жеңіске деген ерік-жігер қалыптастырады. Бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді.
Наргиза Сәбит жекпе жекке Ақмола облысынан келді. 12 жасынан қатысып жүр. Бүгінгі сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтады.
Наргиза Сәбит, қатысушы
Мен таеквондаға 12 жасымнан қатысқанмын. Мен республикалық, әртүрлі жарыстарға қатыстым. Маған спорт түрі мықты шабыт береді. Өте күшті спорт. Маған ұнайды. Қарсыластарым өте мықты. Күшті дайындалып келген. Осы жарыс күшті деңгейде өтіп жатыр.
Таеквондо жарысы – тек жекелей шеберлік қана емес, әділдік пен рухтың көрінісі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар бұл додада тек медаль үшін ғана емес, болашақ Олимпиада жолына алғашқы қадам жасау үшін де сынға түсіп жатыр. Жарыс 8 қыркүйекке дейін жалғасады.
Әйгерім Тоқпанқызы