Павлодар қаласындағы номері отыз үшінші балабақшада алдағы қарттар күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Оған ата-аналар айрықша ат салысты. Жәрмеңке аясында қолдан жасалған тәтті тағамдар сатылды.

Сатылымнан түскен қаржы қарттар үйіне аударылады. Жәрмеңке балабақша бастамасымен, ата-аналардың қолдауымен ұйымдастырылды. Негізінен қолдан жасалған тәттілер, өзге де қажетті дүниелер ұсынылды. Әркім өз қалағанын алып, қайырымдылыққа үлес қосты.

Жәрмеңке барысында балалар мен ата-аналар өнерлерін көрсетті. Көңілді шараны қызықтауға әжелер мен аталар келді.

Марден Әменов, ата-ана

Балалардың қызықтарына келіп қалдым. Өте қуаныштымын. Көпті көрдім. Балапандардың дендері сау болсын. Ата-аналар, әжелер қолдай берсін. Еліміз тыныш, жақсылық болсын, балалар аман болсын.

Балабақша ұжымы бұл шараның тәрбиелік маңызы жоғары екендігін айтуда. Баланың ой-санасын қайырымдылыққа тәрбиелеуді мақсат еттік дейді.

Айнұр Исабекова, Павлодар қаласы №33 балабақша басшысы

Біз енді балаларға айтып жүреміз ғой үлкендерді сыйлау керек. Үлкен адамдарға құрмет ету керек деп. Бұнда ата-аналар, ата-әжелер жүр. Үйлеріне барғанда айтады ғой жәрмеңке ұйымдастырдық қарттарға көмектесуге деп. Сол сөз балалардың ойында қалады қазір кішкентай болғанымен.

Қайырымдылық- қоғамның адами келбетін көрсетеді. Балаларды осындай құндылыққа жақын қылып өсіру негізгі тәрбие бағыттарының бірі.

Жанасыл Серікбол