Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында екі бірдей сұйық май зауыты салынуда. Екеуінің де инвестициялық көзі жеке қаражат. Жоба құрылысы қалай жүріп жатқандығын өңірімізге іс сапармен келген ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көріп қайтты.

Қытайлық компания салып жатқан мына май зауыты келесі жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарлануда. Тазартылған күнбағыс майын өндіретін кәсіпорынға 20 млн доллор көлемінде қаржы бөлінді. Оның 12 миллионыы құрылыс жұмыстарына жұмсалады. Қуаттылығы жылына 50 мың тонна. 60 тан 80 адамға дейін жұмыс істемек.

Ал, қазақстандық инвестор салып жатқан бұл май зауытының бірінші кезеңі осы айда іске қосылады деп жоспарлануда. Инвестордың айтуынша, қазіргі уақытқа дейін шамамен 700 миллион теңге көлемінде жеке қаражатын салған. Ал, болашақта инвестиция көлемін 2 миллиард теңгеге дейін арттыруды көздеп отыр. Сөйтіп, 2026–2027 жылдары толықтай пайдалануға берілмек. Инвестордың жобасын Павлодар облысында жүгезе асыруының өзіндік салмақты себебі бар.

Тарбиз Фараджиев, кәсіпкер

Павлодар облысы таңдаған себебіміз бұнда күнбағыс өндірісі қарқынды дамып келеді. Сондықтан бизнесті дәл осы жерде бастауды шештік. Шығыс Қазақстаннан келдік. Тазартылмаған күнбағыс майын өндірумен және күнбағыс дақылдарын өңдеумен айналысуды жоспарлап отырмыз. Бірінші кезеңде өндіріс көлемі 60 мың тонна шамасында болады. Кейін көрсеткішті ұлғайтамыз. Күнбағысты жергілікті шаруалардан сатып аламыз. Бірінші кезеңде кәсіпорында 25 жұмыс орны ашылады. Сосын жұмысшылар саны көбейеді. Ең алдымен Кеменгер ауылының тұрғындарын жұмысқа алып, оқытатын боламыз. С увеличением

Кәсіпкер күнбағыс майын ғана емес, мал асырауға қажетті жем-жөн өндірісін қолға алуды да жоспарлап отыр. Жобаға қажетті мәселелер жергілікті атқарушы органдар арқылы шешіліп жатыр деді кәсіпкерлер. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бұндай жобаларды қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар бар екендігін, халыққа қажетті бастамаларды әркез қолдайтындығын айтты. Идеяны сәтті, әрі сапалы іске асыруды тапсырды.

Жанасыл Серікбол