Киік мүйізін сақтап, тасымалдағаны үшін 7 жылға сотталған азамат бостандыққа шықты. Жазасын Павлодарда өтеген Сағындық Шәпиев қылмыстық заңнамадағы жаңа бап аясында өтінім беріп, сот залынан босатылды. Мойнындағы 1 млдр теңген астам айыппұлы да алынып тасталды.

Сағындық Шәпиев Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының тұрғыны. 2023 жылы киік диреваттарын, яғни мүйізін иемденіп, сақтап, тасымалдағаны үшін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын Павлодар қаласындағы №44 мекемеде өтеген азамат, қылмыстық заңнаманы ойтайландыру аясында өтінім беріп, бүгін сот залынан босатылды.

Мейрамгүл Әбілғазина, Павлодар қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

Сотталған Сағындық Шәпиевтің қылмыстық кодекстің хаты қанағаттандырылып, қайта сараланды. Негізгі жаза 3 жылға төмендетілді. Жазасын өтеуге байланысты дереу босатылсын. Мемлекет пайдасына 1 млрд теңге мемлекеттік баж салығын алынып тасталсын.

Осылайша сотталушы азамат сот залынан босатылып, енді отбасымен қауышатын болды.

Сағындық Шәпиев, батыс Қазақстан облысының тұрғыны

Мүйіз сақтағаным үшін сотталдым, 7 жылға бас бостандығым айырылдым. 44 мекемеде жазамды өтедім, мүйізді тауып алдым. Сақталған деп кеттік.Бүгін 339 баптың прим 1 еңгеніне жарты жыл срогымнан босап, үйіме ораламын. Парламент депутаты Абзал Құспан мырзаға рахмет айтқым келеді.

2022 жылы Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында еліміздегі барлық қылмыстық заңнамаларға ревизия жасап, құрамын бір тексеріп шығуға тапсырма берген еді. 2024 жылы қылмыстық заңнаманы оңтайландыру бойынша заң шықты. Бірқатар нормалар өзгеріске ұшырады. Оның ішінде 339 бап та бар. Осы заңның іске асу барысымен танысу үшін сотқа мәжіліс депутаттары да қатысты.

Үнзила Шапақ, ҚР парламент мәжілісінің депутаты

339 бап бұл өздеріңіз білесіздер, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз пайдалану, табиғат зиян келтіру. Бірақ соның ішінде зиян келтірмеген бірақ содан түскен өнімдерден, мүйіз, бекіре балық уылдырығы сатып алу, сақтау бойынша сотталғандар бірге жүрді. Соның нәтижесінде Абзал Құспан бөлу туралы мәселені қарап, сақтағаны үшін жаза жеңілдетілді. Жаңа бап кіреді.

Сонымен, қылмыстық жолмен алынған қосымша материалдарды сақтап, тасымалдап, пайдаланғаны үшін жаза жеңілдетілді.

Жарқынбек Амантай, ҚР парламент мәжілісінің депутаты

Әділетті Қазақстан деген сөз жай сөз емес. Қоғамдағы әділеттілікті жүзеге асыру мақсатында іске асып отырған норма. Соның арқасында сот залынан азаматтар босап жатыр. Мойнынан 2 млрд айыппұлдан босатылды. Отбасыларына оралып жатыр.

Айта кетейік, елімізде осы бап бойынша 800-ден астам адам сотталып кеткен. Енді азаматтар заңдағы ойтайландыруға байланысты, өтінім беріп, жазасын өзгертіп, бостандыққа шыға алады.

Самал Қалиқызы