Павлодар облысында мемлекеттік сатып алу туралы заңның бұзылғаны анықталды. 19 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, айыппұл арқалап кетті.

Павлодар прокурорларымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының жүйелі түрде бұзылғаны анықталды. Талаптарға сәйкес тапсырыс берушілер 30 күн ішінде жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Алайда талдау көрсеткендей, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бұл мерзімдерді бірнеше рет елемеген. Осының салдарынан, облыстағы мектеп директорларының бірі айыппұл арқалап кетті.

Нұрлан Кудасов, Павлодар облысы прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары

Павлодар прокурорлары мемлекеттік сатып алу туралы заңның бұзылғанын анықтады. Талап бойынша тапсырыс берушілер жеткізушіні беру керек. Соның салдарынан жауаптылықтан жалтарып кеткен. Мысалы Ақсу қаласы мектеп лицейіне қатысты. Айыппұл салды. 19 тұлға жазаланды.

Айта кетейік, мұндай әрекетсіздік адал емес жеткізушілердің жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік береді. Тіпті олар шарт талаптарын орындамаса да. Заңда мұндай бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы тікелей көзделген.

Самал Қалиқызы