Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қызылжар ауылында шаруалардың 17 бас жылқысы жоғалып кетті. 8 басын ауыл маңында сойып үлгерген, терісін қара пакеттерде тастап кеткен. Жалпы шығын көлемі 15 млн теңгеге жуық. Толығырақ Қызылжарға барып келген тілшіміз жалғастырсын.
Самал Қалиқызы, тілші
Мына Ақсу ауылдық аймағына соңғы кезде қарасты қызылжар ауылы тұрғындарының берекесі кеткен. Барымташылар жергілікті шаруалардың 17 бас жылқсын айдап әкеткен. Біразын сойып үлгерген, терісін ауылдың маңында тастап кеткен. Жергілікті тұрғындардың сөзінше соңғы жылдары ауылда мал ұрлығы тіркелмеген. Сондықтан жылқыларын емін еркін жіберіп отырған екен.
Иә, ауылдағы ағайынның алдына салып, бағып отырған төрт түлігіне күз-көктем кезінде барымташылар жиі қол салады. Қысы-жазы мал азығымен алысып, қиындығының қызығын енді көрем дегенде бәз біреулер айдап әкететіні ауыр. Оңай олжа іздегендер. Сондай жағдай Қызылжар ауылында орын алды. Ұрылар тоғайда жатқан 17 бас жылқыны қолды қылған.
Жанболат Жомарт, Қызылжар ауылының тұрғыны
Сол 23 күні кешкісін 3 жарым кезінде жиен ағам көрген. Одан кейін екі күн ауа райы бұзылып, жаңбыр жауып, бара алмай қалдық. 23 күні жоғалды. Үнемі жататын жататын жылқы ғой. Бір барып таппай келдім. 28 күні жылқының терісін ауылдың маңында бақташы жүріп тауып алады. қара пакеттердің ішінде. Сосын маған хабарлап айтады барсақ менің жылқыларымның терісі. Енді қалған 9 басы жоқ.
Ауыл тұрғыны Жанболат Жомарт бірнеше жыл бойы ауылдағы алыс-жақын ағайынның жылқысын бағады. Қазір жоғалған 17 жылқы 4 адамға тиесілі. Бар жоғы 80-90 бас жылқы бірнеше үйір болып жүретін дейді.
Қанима Тұңғатар, Қызылжар ауылының тұрғыны
Осы төрт жылқым жоғалды. Жігітке қосып қойғам. Биыл жоғалып кетті. Табылса деген ойдамыз. Бір үйден төрт бірдей бас жоғалды деген. Бағып, қағып құлын күннен баптап өсірдік. Енді жоғалтып алып отырмыз ғой енді.
Сонымен шаруалар 14 күн қатарынан ауыл маңынан жылқыларын іздеп әлек. Бақташының сөзінше, жылқылар табылмаған жағдайда иелеріне 10 млн теңгеден астам шығын өтеуі керек.
Жанболат Жомарт, Қызылжар ауылының тұрғыны
Жергілікті полиция участковый іздестіріп жүгіріп жатыр. Олар да білмейді. Көмектесіп жатыр. Ары қарай істі тоқтатпай, тауып берсе деген ниеттеміз.
Ал, Павлодар облысы полиция департаментінде бұл іс бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр деді.
Жанар Белялова, Павлодар облысы ПД ресми өкілі
Бұл фактілерге байланысты полицейлермен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш фактке қатысы бар азаматтарды жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық істердің тергелуі департамент басшылығының жіті бақылауында.
Шаруалар малымызды күндіз түні қарап, көзден таса етпеуге тырысамыз дейді. Ұрылар соның өзінде ебін табатын көрінеді. Төрт түлік өсіріп отырған ағайынның бар үміті енді полицейлерде.
Самал Қалиқызы