Железин ауданы Крупское ауылы маңында құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Дэу Нэксия» автокөлігін тоқтатқан. Көлікті Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны басқарған. Сондай-ақ салон ішінде тағы үш азамат болған.
Тексеру кезінде автокөліктің ішінен екі қоңыр аңның, алдын ала болжам бойынша еліктің терісі және төрт бірлік атыс қаруы табылып, тәркіленді. Қазір полиция бұл дерек бойынша заңсыз аңшылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Дильназ Қуанышбекқызы