Павлодар қаласында өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықтың бизнес-форумы ұйымдастырылды. Оған шетелдік сарапшылар онлайн режимде қосылды. Онда инвестиция тарту, жаңашылдықтар, өзара байланыс құру сұрақтары талқыланды. Толығырақ тілші сюжетінде.

Форум мемлекет пен кәсіпкерлік қауымдастығы арасындағы ашық диалог болды. Павлодар ауданы деңгейінде басталған шара халықаралық ынтымақтастық алаңына айналды.

Мадина Жұмадиева, Павлодар аудандық мәслихатының депутаты

Палата мүшелерінің бірі Германияға 20 күндік тәжірибеден өтуге барды. Германияда болған шара өңірдегі форумның өтуіне ықпал етті десек болады. Елге келгесін, кеңес өтіп, онда шетелге барып келген мүшеміз біздің мол мүмкіндіктеріміз барын айтты. Тәжірибе алмасу мақсатында осы форум идеясы пайда болды. Тараз, Ақтөбе, Орал қалаларынан бэкраунды жақсы спикерлерді шақырдық. Олардың кейбірі Павлодарға бірінші рет келді. Осында қазір спикер болады, тәжірибелерімен бөліседі. Инвестиция тарту, ауыл шаруашылығындағы мүмкіндіктер сөз етіледі.

Форум барысында Павлодар облысының, еліміздің басқа өңірлерінің, жақын және алыс шетелдіктердің кәсіпкерлері, инвесторлары және бизнес сарапшылары қатысатын панельдік пікірталас болды. Өңіраралық бірлескен жобалармен ынтымақтастық бағыттары бойынша ұсыныстар әзірленді. Қатысушылардың еркін форматтағы қарым-қатынасы, нетворкинг, байланыс алмасу, идеялар мен бірлескен жобалары талқыланды.

Айдос Шайхислам, Павлодар аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы

Форумның мақсаты бизнеске, кәсіпкерлікке, инвесторларға мүмкіндіктер беру. Халықаралық және өңіраралық байланысты нығайту. Шетелік әріптестеріміз онлайн қосылады. Форум өзі екі кезеңге бөлінді. Біріншісінде өңірлік спикерлер сөз алды, екіншісінде шетелдік спикерлер онлайн қосылды.

Форумға Омбы облысынан, Германиядан, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінен өкілдер форумға онлайн қатысып, нетворкинг алаңында жергілікті кәсіпкерлермен, бизнес өкілдерімен тәжірибе алмасу бойынша сұрақтарын қарастырды.

Самал Қалиқызы