Павлодар облысының мәслихат депутаттары 2026-2028 жылдарға арналған үшжылдық бюджетін бекітті. Аймақта келер жылдары көптеген маңызды жобалар қолға алынбақ. Толығырақ тілшіміз айтсын

Өңірдің басты қаржылық құжаты - бюджет бекітілді. Облыстың үшжылдық қаражаты 512 млрд 600 млн теңгені құрап отыр. Бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 10,9 пайызға артқан. 2026 жылдан бастап әлеуметтік салық және арнайы түсімдер кірістер көлемі 100 млрд 800 млн теңгені құрайды. Қалғаны республикалық бюджеттің субвенциясы және қалалардың бюджеті.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы

, 2026 жылға арналған нысаналы трансферттер сомасы 30 млрд теңгені құрайды. 771 млн теңгеге медициналық құрылғылар, 17 млрд 600 млнға сумен қамту жүйесі тартылады, оның ішінде 8 млрд сумен қамтуға, 8 млрд 900 млн жылумен қамту жүйесіне жұмсалады. 11 млрд теңгеге бюджеттік несиелер беріледі, ол ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретіндер, Ауыл аманаты, Дипломмен ауылға бағдарламаларына бағытталады. Жалпы жергілікті бюджеттің шығын көлемі 466, 7 млрд теңгені құрайды. Даму бюджеті 45 млрд 900 млн теңге.

Әлеуметтік блоктың шығындары 312 млрд теңгеге жеткен. Өңірдің білім беру саласына 241 млрд теңге бағытталады. Аймақтық мектептері мен мектепке дейінгі нысандарын реновациялау жұмыстары жалғасады. 24 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына 7 млрд теңге жұмсалмақ. Келесі жылы облыстық бірқатар білім беру ошақтарының жылыту жүйесі жаңартылады. 70 ғимаратқа 1 млрд теңге бөлінбек.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы

Денсаулық сақтау саласының келесі жылғы бюджеті 13 млрд 500 млн теңге болады. Оның ішінде 5,7 млрд теңге медициналық құрылғыларға жұмсалады. 522 млн теңге өңірде тапшы дәрігерлерге төленеді. Оның ішінде 47 маман ауылда жұмыс істеуге баратындар. 936 млн теңге елдімекендерде 5 медициналық нысанды салуға бөлінеді. Ал, Мәдениет саласына 8 млрд теңге бағытталады. Оның ішінде 533 млн теңгеге 3 мәдениет үйі күрделі жөнделмек. Аймауытов, Чехов театрлары мен Иса Байзақов атындағы филормонияның жөндеуіне 300 млн теңге бөлінеді.

Спорт саласына 25 млрд теңге қарастырылады. Жалпы сомасы 643 млн теңгеге 3 спорт нысанына күрделі жөндеу жүргізілмек. Сонымен қатар, спорт мектептері де қаржыландырудың жаңа форматына өтеді. Оған да бюджеттен ақша қарастырылып отыр.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы

Тұрғын үй коммуналдық салаға 29 млрд теңге қарастырылады. Су өткізу, су тарту жұмыстарына 15 млрд теңге бөлінеді. Бұл желілердің тозуын 47 пайыздан 46 пайызға төмендеуіне әкеледі. Жылу жүйелеріне 6 млрд теңге бағытталады. Бұл тозуды 79 пайыздан 78 пайызға төмендетеді. Ертіс ауданында желілер жөнделеді. Сомасы 307 млн теңгені құрайды.

Ал, транспорт саласына 16 млдр теңге көзделген. Келер жылы облыстық, аудандық маңыздағы жолдар жөнделеді. 1 млрд 200 млн теңге операциялық шығындар және әуежайға арналған арнайы техникалар сатып алынады. Бұл қаражатқа қоғамдық көлікті субсидиялау да кіреді. Агроөндірістік кешенді дамытуға 32 млрд теңге жоспарланып отыр.

Иә, облыс әкімі бұл жобалар туристерді тартуға маңызды екенін айтып, халық қалаулыларын жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Аймақ басшысы өңір тұрғындары үшін маңызды сұрақтар үнемі біздің бақылауымызда деді.

Самал Қалиқызы