Демалыс күні құтқарушылар жолда қалып қойған шетел азаматтарына көмек көрсетті. Шарбақты-Успен автожолында жеңіл көлік жол шетіне түсіп кетіп, жолаушылар оны шығара алмаған.
8 наурыз күні сағат түнгі екі шамасында «112» жедел қызметіне Шарбақты-Успен автожолында көлік жолдан шығып кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері дереу аттанды. Құтқарушылар жеткен кезде Ресей Федерациясының екі азаматы жол жиегіне шығып кеткен көлікті орнынан қозғалта алмай қалғаны белгілі болды. Мамандардың көмегімен автокөлік қайтадан жолға шығарылды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді, медициналық көмекке жүгіну қажет болмады. Жолаушылар құтқарушыларға алғыс білдіріп, сапарларын әрі қарай жалғастырды.
Айта кетейік, қазір ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеулер қойылып жатыр. Сондықтан, жүргізушілерге жолда барынша сақ болып, ауа райы мен жол жағдайын ескеру қажет.
Жұлдыз Қабылденова