Павлодарда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Онда тұрғындарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі, ыңғайлылығы және сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Толығырақ – алдағы сюжетте.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер Павлодар қаласы әкімдігінің аппараты мен Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралары, сондай-ақ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы болды. Жиында атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіру және халыққа ыңғайлы әрі түсінікті ету мәселелері талқыланды.

Марина Стрелковская, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі

 «Отырыс барысында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері, сыртқы мониторинг қорытындылары, қызмет көретушілердің ресми интернет-ресурстарына жүргізілген мониторинг мәселелері қаралады.»

Отырыста мемлекеттік органдардың өкілдері өз жұмыстарының нақты нәтижелері туралы баяндама жасады. Әсіресе, қызмет көрсету барысында электрондық сервистерді пайдалану қалай жүзеге асырылып жатқанына ерекше назар аударылды.

Алтай Қайдаров, ««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» қеақ Павлодар облыстық филиалы директорының М.А.

«5 қаңтарда автокөлік иелеріне мемлекеттік тіркеу нөмірлерін өздері таңдау мүмкіндігін беретін бағдарламаны іске қосқаннан бастап, алғашқы аптада адамдар көп келді. Біз бір апта бойы қарқынды жұмыс істедік, қосымша адамдар мен қызметтер қосылды. Сол аптадан кейін келушілер саны азайды. Қазіргі таңда күніне бізге көліктің мемлекеттік нөмірін өзгерту үшін шамамен 10 адам келеді. Бұрын бізге азаматтар автомектепті тәмамдағыны туралы куәліктерін алып келетін. Қазіргі таңда оқу процесінің орташа өту көрсеткіші автомектептің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелуде. Яғни азаматтың оқуды еліміздің қай қаласында тәмамдағанына қарамастан, бірыңғай жүйеде ақпараты пайда болады. Бізге келгенде, барлық дерегін көре аламыз»

Отырыс барысында қатысушылар ұсынылған баяндамалар бойынша сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Департамент тарапынан мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жасалды. Осылайша, мұндай шаралар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және қоғам сенімдімін күшейтуге септігін тигізеді.

Жұлдыз Қабылденова