Елімізде «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Оның шарттары қандай? Тілші әңгімесінде.

Баспанасы жоқ бірақ тұрғын үй сатып алуға ниетті азаматтар Отбасы банкі арқылы пәтер сатып ала алады. Бұл үшін 31 науырзға дейін өтініш өткізу қажет. Несие мөлшері бастапқыда 9 пайызбен одан кейін 5 процентке дейін төмендейді. 19 жылға қарастырылған. Ипотека алатындар үшін шарттар бар.

Арман Нұрғаламов, «Отбасы банкі» Павлодар облыстық филиалының бөлім басшысы

Осы бағдарламаға әрбір салымшы қатыса алады. Бірақта бірнеше талаптары бар. Қатысушының өз атында немесе отбасының атында ақырғы 5 жылда үй болмауы қажет. Және де депозитте ең азы 2 млн ақшасы боуы тиіс. Өтнімі беру үшін баспана маркет сайтқа кіріп, жеке кабинетке кіріп, өтінім беріп, нәтиже тосу керек. Нәтиже 1 сәуірден кейін болады. Шарт бойынша несие 9 пайызбен беріледі. Бірақ та кезекте тұрған кісілер әлеуметтік топтарға 7 пайызбен несие беріледі.

Облыс орталығында тек бірінші нарықтағы үйлер сатылады. Ал Екібастұз, Ақсу және аудан орталықтарындағы пәтерді екінші нарықтан қол жеткізуге болады. Несие сомасы 30 млн, ал Астана мен Алматы шаһарларында 36 млн теңгеге дейін. Бұған қоса, былтырдан бастап үй кезегінде тұрған барлық санаттағы азаматтар бір арнаға тоғысып, жалпы кезекке біріктірілді.

Арман Нұрғаламов, «Отбасы банкі» Павлодар облыстық филиалының бөлім басшысы

Жергілікті кезекте тұрған кісілер қазір Өркен отбасы» деген сайттқа берілді. Кезек бойынша сол сайтқа кіріп, қарауға болады. Біріншіден, екіншіден, кезекке тұру үшін ешқандай категориясы қажет емес. Өз атында үй болмаса ол кезекке тұра алады.

Үй кезегі бойынша барлық ақпарат банк парақшасында бар. Ашық, әрі кез келген уақытта қарауға болады. Айта кетейік Павлодар облысы бойынша 36 мың ал Павлодар қаласы бойынша 21 мың адам пәтер кезегінде тұр.

Әйгерім Тоқпанқызы