Дауыл салдарынан Ақсу ферроқорытпа зауытының түтін құбыры құлады. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ, өндірістік процесс тоқтамады.
Күні кешегі табиғаттың тосын сыйы біраз жарықты өшіріп, бірқатар ғимаратқа залал келтірді. Облыс аумағында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты да орын алды. Екпінді желдің салдарынан Ақсу ферроқорытпа зауытының түтін шығатын тұрбасының құрылымы құлады. Сонымен,10 наурыз күні Ақсу ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехында дауыл салдарынан №15 пештің түтін құбырының бір құрылымы опырылып түсті. Жапа шеккендер жоқ. Жағдай өндірістік процесске кесірін тигізбеді. Аталмыш нысанның техникалық зерттелуі 2023 жылы болды. Кәсіпорында қолайсыз ауа райына байланысты жедел штаб құрылды.
Самал Қалиқызы