Футболдан Қазақстанның 35-ші чемпионаты басталды. Премьер-лигаға қайта оралған «Ертіс» Шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» командасына қарсы ойнады. Қайта оралған павлодарлық клубтың ойыны қалай өтті? Алдағы материалда.
«Ордабасы» клубын көптеген мамандар алдағы маусымның басты фавориттерінің бірі санайды. Алайда, бәріне жасыл алаң төреші. 9-минутта стандартты жағдайдан кейін «Ертіс» есеп ашты. Мамадудың пасынан кейін Максим Федин гол соқты.
Әрине, фоварит саналатын шымкенттің команда бұндай жағдайға шыдмайтыны анық. 14-минутта Эвертон Маседо «Ертіс» клубына қауіп төндірген, бірақ қақпашысы Виталий Ботнарь шеберлік танытты.
Алайда 21 минуттан кейін біздің қақпашы «Ордабасының» бразилиялық шабуылшысының есепті теңестіруіне тосқауыл бола алмады. Осылайша командалар 1:1 есебімен үзіліске шықты.
Екінші таймда павлодарлық шабуылшы Вячеслав Швырёв өз командасын алға шығаруға мүмкіндік алды, алайда алаң иелерін қақпашы Бекхан Шайзада құтқарып қалды.
64-минутта футболда сирек кездесетін жағдай болды. Нәтижелі пас авторы қақпашы – Виталий Ботнарь «Ертістің» жартылай қорғаушысы Павел Седькоға дәл пас берді.
81-минутта Эльхан Астановның соққысынан кейін «Ертістің» қорғаушысы Мамаду екі рет командасын қиын жағдайдан құтқарып қалды.
Өкінішке қарай, қосымша уақыттың бірінші минутында павлодарлық қорғаушы Фард Ибрагим өз айып алаңында ереже бұзды.
Пенальтиді Эльхан Астанов дәл орындап, есепті қайта теңестірді – Осыайша ойын 2:2 нәтижесімен аяқталлды. Екінші турда, 16 наурыз күні, «Ертіс» өз алаңында «Атырау» командасын қабылдайды.