Биыл әйгілі өнер тарланы, театр және кино актеры, опера әншісі, ұстаз Кәукен Кенжетаевтың туғанына 110 жыл. Ол тұтас ғұмырын қазақ өнерінің өркендеуіне арнады. Шәкірт тәрбиелеп, бірнеше ұрпақтың өнер өлкесіне әкелді.

Өткен ғасырдағы қазақ кино өнерінің басты жетістігі саналатын «Қыз Жібек» фильмі бұл. Осынау көркем картинаның түсірілім жұмысына сол кездегі қазақ зиялыларының үлкен шоғыры ат салысты. Ең үздік режиссер, ең үздік сценарист, суретшілер, ең бастысы ең үздік актерлық құрам.

Ерлан Рахимов, М. Шамсутдинова атындағы ән өнері шығармашылығы музейнің басшысы

Сұлтан Ходжықов болмай Кәукенді түсірді Базарбай рольіне. Үлкен бір абыроймен атқарып шықты. Кейін Шәкен Айманов сол киноны көріп, Кенжетайдың баласы жақсы әртіс екенсің деп риза болыпты. Ол да үлкен баға ғой.

Кәукен Кенжетаев бұдан да өзге көптеген фильмдерге түскен. «Тұлпардың ізі», «Боранды бекет», «Бауыржан Момышұлы», «Гауһартас» фильмдерінде басты рольдерді сомдады. Бұдан бөлек театр сахнасындағы орны бір бөлек. Опера өнерінің де майталманы.

Ербол Айтбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Кәукен атамыз негізінен шын мәнінде қазақтың ағашқы кәсіби опера әншілерінің бірі. Курганискийдің бірінші шәкірттерінің бірі. Даусы бас баритон болған. Туған жері Баянауыл ғой. Қали Байжановтың туған балдызы. Бала күнінен Шәкен мен кәукеннің құлағына баянаулдық әншілердің әні ұлағына сіңіп өскен адамдар.

Кәукен Кенжетаев ұстаз. Қазақ өнерінің көптеген ұрпағын тәрбиелеген, тағылым берген ұстаз. Оның алдын көрген шәкірттер асқақ ән мен ақсүйек театр өнерінде өз жолдарын қалыптастырды. Өнердің ұлы жолын абыроймен жалғады.

Талжібек Атамбек, ҚР мәдениет қайраткері

Ол кісінің қалай айтсам түріне қарап- ақ, бойына қаншалықты салмақты, сабырлы екенін көресің. Адамның сырт келбеті де көп нәрсені айтады ғой. Қазақтың ұлы тұлғасы десеп қате айтпаған болар едім. 5 жыл бойы бірге болдық. 5 жыл бойы емтихандарды қабылдады.

Кәукен Кенжетаев тұтас ғұмырын өнерге арнады. Қазақ топырағынан дарыған дарынын қазақтың өзіне еселеп қайтарды. Болмысы да өнер үшін жаралған жанға тағдыры да өнердің биік асқарында ғұмыр кешуді жазған, осылайша бақытқа жеткен ұлттың дарынды ұланы.