Алдағы Референдум қарсаңында теміржол сапаржайында ерекше шара ұйымдастырылды. Жастар жолаушылар мен қала тұрғындарын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, ән айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жалпыұлттық коалиция белсендісі Жанақ Заятовтың айтуынша азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған. Сол себепті бір топ жас көк туды желбіретіп, патриоттық әндерді шырқады. Сонымен қатар жадынамалар таратты.

Жанақ Заятов, жалпыұлттық коалиция белсендісі

«Бүгін жалпыұлттық коалицияның жастары теміржол сапаржайында жолаушыларды қарсы алуға келді. Олар жаңа Конституцияны қолдау бағытында үгіт-насихат жүргізіп, агитациялық материалдар таратты және жолаушыларымызды өте жылы қарсы алды.»

Қала тұрғындары мен қонақтары акцияны жақсы қабылдады. Олар бірге ән шырқап, жастарға қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарланып отыр.

Жұлдыз Қабылденова