Баянауыл ауданында экономикалық көрсеткіштер бойынша нәтиже бар. Негізгі секторларда тұрақты өсім сақталып, мемлекеттік жобалар і жоспарлы деңгейде орындалды. Бұл жөнінде орталық телекоммуникациялар орталығында аудан әкімі Ардақ Кісентаев брифинг барысында айтты.

Ауданда әлеуметтік-экономикалық дамуда серпін бар. Өнеркәсіптік кәсіпорындары 48 млдр 519млн теңгенің өнімін өндіріп, 17 млрд 748 млн теңге инвестиция құйылды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 115 пайызға артты. Бұған қоса, ауданда құрылыс қарқын алды. Тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Көп жылдан күрмеуі шешілмеген тіршілік нәрі таза ауыз су ауылдағы ағайынға жетті.

Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі

Баянауыл ауданында ірі жобалар іске асып, ірі жобалар Әлеуметітк экономикалық даму 6 көрсеткіштің алтауы да 100 пайвздан асыра орындалып отыр. Нақты жобаларға көшетін болсақ сумен қамтамасыз ету Баянауылда 3 су құбырының құрылысы жүргізілуде. 97,6 пайыз таза сумен қамтамасыз етілшен тұрғындар. Осы 3 су құбырының құрылыс аяқталғаннан кейін 99,6 пайызға қол жеткіземіз. Атап айтатын болсақ, Аймауытов ауылында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілеп жатыр. Бүгінгі күні халыққа толықтай су беріліп, құжаттары рәсімделу үстінде.

Сондай-ақ Шоманкөл, Шонай ауылдарында су құбырларының құрылысы аяқталды. Халыққа су берілді. Бұған қоса аудан ауылдарына асфальт төселді. Былтыр 2 млрд 952 млн теңгенің 14 жобасы іске асты. Қазір тек жолы жөндеуден өтпеген Қаратомар ауылдық округі қалып отыр.

Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі

Жолдар бойынша жалпы 2 млрд 952 млн теңгеге 14 жоба іске асырылды. Бүгінгі күні осы жобалар 100 пайыз аяқталып отыр. Атап айтар болсақ, Майкөбі, сұлужон, Шөптікөл ауылдарының кіре беріс жолдары 100 пайыз асфальтталды. Нақты Теңдік, Ұзынбұлақ , Южный жолдарының аудан орталығынан ауылдық округтарға апаратын жолдар толықтай аяқталды. Жалпы 13 ауылдық округ болса Баянауыл ауданында. 12 ге ауылдық округке асфальтталған жол апарады. Бүгінгі күні Қаратомар ауылдық округі Жайма ауылы 40 шақырым жерде бүгінгі күні асфальт жоқ биыл 200 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыстарды бастадық.

Туристік аумақты абаттандырып, келбетін жақсартуға бағытталған бастамалар жалғасуда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, елді мекендерде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға арналған жаңа нысандар бой көтерді.

Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі

Абаттандыру бойынша өздеріғізге белгілі мемлекет басшысы «Таза Қазақстан акциясы аясында мемлекет қаражатына 16 жоба іске асырылды. Жалпы сомасы 750 млн теңге сомасын құрайды. Биыл 2 балалар ойын алаңының құрылысы. Аймауытоа Баянауыл ауылдарында және 4 елімекенде 25 км астам көше жарығының құрылысы жүргізілді. Турисзтік аймақ Жасыбай аймағында 400 дана көше жарығы ауыстырылды. Тротуар салынды.

Жалпы ауданда жолға қойылған жобарадың орындалуы әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі серпін берді. ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартты.

Әйгерім Тоқпанқызы