Өңірде «Пиротехника» жедел-профилактикалық шарасы басталды. Рейдтік жұмыс 2025 жылдың 5 желтоқсанынан 2026 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады. Шараның мақсаты- сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасын анықтап, оның алдын алу.
Петардалар, фейерверктер, бенгал шамдары мен хлопушкалар мерекелік көңіл-күйді көтергенімен, өрттің шығуына, жарақат алуға және күйік шалу қаупіне әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар пиротехниканы тек лицензиясы бар дүкендер мен ресми сауда павильондарынан ғана сатып алуды ескертеді. Өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аудару міндетті. Мерзімі өткен пиротехника іске қосылмай қалуы немесе ауыр жарақатқа соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды ағаштардың астында, электр желілерінің жанында және тез тұтанатын заттардың қасында қолдануға қатаң тыйым салынады. Полиция департаменті 14 жасқа толған жасөспірімдердің пиротехниканы тек үлкендердің бақылауымен пайдалануына рұқсат етілетінін ескертеді. Тәртіп сақшылары мереке қарсаңында қауіпсіздік ережелерін сақтауға, кез келген заңсыз сауда фактілері анықталған жағдайда полицияға хабарлауды сұрайды.
Сабина Жолдаспаева