Тереңкөл ауданына қарасты Ивановка ауылында биыл білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. . 100-ге жуық оқушыны қамтитын мектептің бүгінгі тынысы қандай екенің әріптесіміз Байтұрсын Жұмабай көріп келді.

1973 жылы негізі қаланған ауыл мектебі биыл жаңарды. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында оқушылардың сапалы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған. Қабырғалары жаңарып, терезелері ауыстырылып, едені жөнделді.

Екатерина Нейфильд, Ивановка ЖОББ мектебінің директоры

Біздің мектепте қазақ және орыс тілінде 79 оқушы білім алады. Мектептегі биылғы жөндеу жұмыстарына оқушылармен қоса ата-аналары да дән риза. 1973 жылы ірге тасы қаланған мектепке биыл алғаш рет күрделі жөндеу өтті.

Ал мектеп ұжымы соңғы жылдары жас мамандармен толығып, білім сапасын арттыруға серпін беріп отыр. Жаңашыл идеялары мен жігері мол педагогтар оқу үдерісіне тың әдістер енгізіп, ауыл оқушыларының әлеуетін көтеруге үлес қосуда.

Бану Күзеубай, Ивановка ЖОББ мектебінің мұғалімі

Мен 2019 жылы осы Ивановка аулына келдім. Менің мамандығым ағылшын тілі мұғалімі.

Айта кетейік, қазір оқудан тыс уақытта шәкірттер білім ошағына келіп, түрлі спорттық және мәдени үйірмелерге қатыса алады. Әсіресе, жасөспірімдер қолы қалт етсе ұлттық ойындарға ерекше ықылас танытады.

Байтұрсын Жұмабай