Өңірде 247 азамат баласына алимент төлемей қашып жүр. Полиция қызметкерлері сот орындаушыларымен бірге бұл ата-аналарды анықтау мақсатында арнайы рейд ұйымдастырды.
Алимент төлеуден жалтаратындар тек ер адамдар емес. Балаларына көңіл бөлмейтін аналар да бар. Мәселен, облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны баласы алдында 4 млн 450 мың теңге қарыз. Алимент төлемей жалтарып жүргеніне біршама уақыт өтіпті. Былтырдан іздеуде жүрген екен. Полиция қызметкерлері жауапсыз ананы анықтап, құзырлы мекеме қызметкерлеріне жіберді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру барысында алимент бойынша қарызы бар азаматтардың 41 автокөлік анықтаған. Олардың көліктері арнайы айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, алимент берешегі бар борышкерлер туралы мәлімет «Кибершериф» және «Мерген» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді. Айта кетейік Павлодар өңірі бойынша 247 ата-ана алимент төлемей жалтарып жүр.