Павлодар қаласында ҚР Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық бәсекеге шекаралас өңірлерден командалар келді. Толығырақ тілші материалынан көрейік.

Жарыстың ашылу салтанатында әскери бөлім командирлері мен ардагерлер сөз сөйлеп, әскери қызметшілердің арасында спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты. Бұл ойынға Өскемен, Павлодар, Семей, Курчатов қалаларынан командалар келді.

Ерхат Қарақұлов, 5518 әскери бөлімінің дене дайындығы және спорт бөлімінің бастығы

Бірінші этап әскери бөлімде дайындалады, екінші этап осы жерде. Бұдан іріктелген әскери бөлімнің сарбаздары, келісім бойынша әскери қызметшілер жинақталып, ақпан айында жарыстарын өткізуге дайындалады. Бұл жерге қатысып отырған жарысымыз 2026 жылдың 24-інші спартакиадасына сәйкес өткізіледі.

Жыл сайын өтетін жарыстың мақсаты әскери бөлімдер арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту. Биылғы ойын Баянтау спорт кешенінде өткізілуде, жалпы 7 әскери бөлім қатысып отыр.

Дамир Данияров, 6679 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық бөлімшесінің денешынықтыру және спорт бастығы

Мұндай спорттық шаралар жыл сайын ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, қазақша күрес, самбо, қоян-қолтық ұрыс, жеңіл атлетикадан спартакиада өтеді. Волейболдан өтіп жатқан бұл жарыста 7 әскери команда қатысуда. Команда құрамында қатардағы жауынгерлер мен келісім бойынша әскери қызметшілер бар. Менің ойымша біздің спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, барлық шаралар дұрыс өтеді деп сенемін.

Ойын алаңында спортшылар бар шеберліктерін көрсетіп, өз командасы үшін аянып қалмады. Қатысушылардың айтуынша, спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызы зор.

Руслан Оралтаев, 5518 әскери бөлімінің спорт және денешынықтыру нұсқаушысы

Қарсыластардан танитын, жаңадан келіп жатқан сарбаздар да бар,команда мықты. Сәттілік, өзімізге жеңіс. Және айта кетсек, әр әскери бөлімнің бастықтарына, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басшысына алғыс айтамыз. Осылай спортты қолдап отырғандарына, сарбаздарға және әскери қызметшілерге мүмкіндік беріп жатқандарына. Сарбаздар жауынгерлік қызмет атқарып ғана қоймай, әр спорт түрінен жаттығатын болады.

Ойын 3 күнге созылады, онда үздік нәтиже көрсеткен командалар кубоктар және медальдармен марапатталады. Айта кетейік, ал ақпан айында Павлодар қаласында түрлі әскери бөлімдер волейболдан Қазақстан чемпионатын өткізетін болады.

Қымбат Садық