Биыл бес ірі әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы басталады. Оның төртеуі облыс орталығында салынады. Олардың қатарында спорт кешендері мен мәдени нысандар бар. Ал, жасанды интеллект және цифровизация жылына байланысты бірқатар жобалар іске асады. Қоғамдық кеңес отырысында өткен жылдың қорытындылары мен биылғы жылдың жоспары талқыланды.

Жаңа жыл қарсаңында халыққа есеп берген облыс әкімі Асайын Байханов бүгін қоғамдық кеңес алдында сөз алды. Өткен жылға өкпе жоқ. Мемлекет басшысы жылан жылын жұмысшы мамандарға арнағаны белгілі. Асайын Байханов бұл бағытта бірқатар жұмыстар жасалғандығын айтты.

Биыл облыстық бюджет есебінен музыкалық колледж жөнделіп, Айти колледж жатаханасы жаңартылады, материалдық-техникалық базасы күшейтіледі. Тағы 7 колледжде 10 жаңа мамандық бойынша шағын өндіріс орталығын құру жоспарланған. Жалпы облыс экономикасы инвестициялар есебінен дамуда деді аймақ басшысы. Өткен жылы 1,3 трлн теңге қаражат тартылып, ел бойынша екінші орынды көрсетіппіз.

Биылғы жыл жасанды интеллект пен цифровизацияға арналады. Аймақ басшысы Торайғыров университеті базасында айти технологиялар мен жасанды интеллект бағытына қызығушылығы бар студенттер мен азаматтарға арналған білім бағдарламасы іске қосылады. Қолжетімді интернет жобасы бойныша 208 елдімекен талшықты оптика байланыс желісіне қосылады. Әлбетте барлық күш-жігер тек жасанды интелектте ғана бағытталмайды халыққа қажет әлеуметтік нысандарды салу жалғасады. Мәселен, Павлодар қаласында мұз сарайы және 1500 орындық көрермен залы бар конгресс холл кешені, сондай-ақ, бассеин және көркем гимнастика залы бар ірі спорт кешені мен 25 мың көрерменге арналған футбол стадионының құрылысы басталады. Ал, мектеп және балабақшадағы орын тапшылығын жою жұмыстары да жалғасады.

Қоғамдық отырыста балалардың қоғамдық қауіпсіздігін қорғау үшін әр мектепке инспектор тағайындау мәселесі де көтерілді. Аймақ басшысы бұл мәселені полиция департаментімен бірлесіп талқылауға тапсырма берді.