Павлодар – Қызылорда автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан екі жолаушы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қатты бұрқасынан түк көрінбеген. Соның салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, жүк көлігімен соқтығысқан.
Дархан Сламбеков,Павлодар облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкері
Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Апат салдарынан екі жолаушы қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Алдын ала дерек бойынша тергеуге сәйкес, Павлодар – Қызылорда автожолының 110-шақырымында, Құлакөл ауылының маңында Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі көріну шектеулі жағдайда арақашықтықты сақтамай, жартылай тіркемесі бар Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Полиция департаменті осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимі мен арақашықтықты ұстануға шақырады.