Жайылымдық жерлердің тапшылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы және экспортқа шектеу қойылған павлодарлық сәбіздің жай-күйі. Осы түйіткілдерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов журналистермен кездесу барысында көтерді.

Павлодар облысында қазіргі таңда 187 кооператив бар екен. Оның ішінде 2023 жылдан бері 101 кооператив 2,4 млрд теңге көлемінде қаражат төленді. Қаржы көбінесе мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына және техникаға берілген.

Нұржан Әшімбетов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Мен бір ауданда болдым. 13 кооперативтің 1-еу ғана жұмыс істейді. Маған фермерлер сұрақ қойды. Ақша көбірек алу үшін ғана кооператив ашамыз дейді. Егер бізе 30 млн теңге беретін болсаңыздар біз кооператив ашпайды едік. Олар несие алу үшін ашылған.

Яғни, саны көп сапасы жоқ кооперативтерді ашқаннан ауыл шаруашылығы еш пайда көрмей отыр деді депутат. Одан да бір кооперпатив ашып, соның жұмысын жолға салған жөн.

Нұржан Әшімбетов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Бізге не істеу керек. Бізге кооперативке одан көп қаражат беру керекпіз. Солармен жұмыс жасау керек. Сонда жағдай жасауымыз керек. Сонда олар жұмыс істей бастайды.

Сонымен қатар, жергілікті фермерлер жайылымды жерлердің тапшылығы сұрағын да көтерді. «Жер аманаты» бағдарламасы аясында 14 млн гектар жерді қайтарған. Оны жартысы жаңа иелеріне берілмеген.

Нұржан Әшімбетов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Кейбір фермерлер керек жоқ жерлерді қайтарды. Ол қандай жерлер шөп өспейтін жерлер, ешкім алмайды дейді. Әлі енген жоқ.

 Павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тағы бір өзекті мәселе. Өнімді өткізу сұрағы болып отыр. Қазіргі уақытта облыстың көкөніс қоймаларында шамамен 64 мың тонна сәбіз жиналды және бұл көлемнің едәуір бөлігін қысқа мерзімде сату қажет. Осыған байланысты, сауда министрлігіне сауал көп деді депутат.

Самал Қалиқызы