2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты «Түркістан» газетіне берген сұхбатында айтты. Бүгінде жаңа технологиялар тек IT саласында ғана емес, кәсіби техникалық білім беру жүйесіне де кеңінен енгізілуде.

Жоғары түсті металлургия колледжінде 2022 жылдан бастап өндірістік бағыттағы заманауи құрылғылар кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Студенттер жаңа технологиялар арқылы тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде.

Азамат Мүскенов, жоғары түсті металлургия колледжінің басшысы

Жасанды интелект және цифрландыру тек ғана айти саласына ғана тән емес, мемлекет басшысы жасанды интелекткк тән екенін атап өтті. 2022 жылы дәнекерлеу ісі бойынша виар фрониус симуляторы орнатылған колледжде бұл симулятор студенттердің тағдыларын нығайтуға және өзінің өнеркәсіпте қалай дұрыс ұстауына бағыт бағдар береді. 2024 жылы металургия цехы модернизациядан өтіп, жаңадан виар көзілдірігі енгізілген. Бұл виар көзілдірігі студенттердің өндірістегі процесттерді көріп және өндірістегі технологияларды көруге және өзінен өткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда колледжде үш мамандық бойынша — дәнекерлеу ісі, металлургия және токарлық іс бағыттарында цифрландыру мен жасанды интеллект элементтері енгізілген. Бұл студенттердің білім сапасын арттыруға және еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етеді.

Азамат Мүскенов, жоғары түсті металлургия колледжінің басшысы

Қазіргі кезде оқытушылар бізде біліктілікті арттыру үшін тренингтерден өтуде. Және оны ққолданысқа енгізуде. Қыркүйек айынан біз қауіпсіздік техникасы бойынша кабинетінде жаңа вертуалды симулятор енгіземіз. Бұл симуляторда студенттер өздерінің өнеркәсіпте қандай екенін көреді.

Алдағы уақытта колледжде цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын өзге де мамандықтар бойынша енгізу жоспарланып отыр.

Дильназ Қуанышбекқызы