9 қаңтардан бастап Павлодар қаласында коммуналдық қызметтер жеке сектор көшелерін қардан тазалау және қар шығару жұмыстарын бастады. Алдымен су басу қаупі бар аумақтарға басымдық берілді.
Атап айтқанда, алдымен Екінші Павлодар шағынауданында қар аршу жұмыстары 1 ақпанға дейін жүргізіледі. Ал Зеленстройда бұл жұмыстар 9–21 қаңтар күндері аралығында өтеді. Горторг шағынауданында қар шығару жұмыстары 21 қаңтар мен 5 ақпан аралығында тазаланады.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Коммуналдық қызметтер жеке секторда қарды тазалау және шығару жұмыстарын бастады.Ең алдымен су басу қаупі бар учаскелерде жұмыстар жүргізізілуде.Жеке секторды тазалауға 50 бірлік техника және 75 жұмысшы тартылған.Қар шығару кестелері ткш бөлімі мен павлодар қаласы әкімдігінің ресми парақшаларында орналастырылған.
5–17 ақпан аралығында қар шығару жұмыстары МДС шағынауданында жүргізіледі. Ал 5–20 ақпан күндері Радиозавод пен Лесозавод шағынаудандары қамтылады. Усольска шағынауданын тазалау 17–28 ақпан аралығына жоспарланған. Сонымен қатар қала орталығы мен өткел көшелерінде қар шығару жұмыстары 5–20 ақпан аралығында жүргізіледі.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Сонымен қатар, 50 бірлік техника мен шамамен 70 жұмысшыны тарта отырып, кварталшілік аумақтарды тазалау күшейтілді.Т Магистральлік көшелерде ,аялдамаларда, тротуарларды тазалау күйшейтілді.Магистральдық көшелерде, аялдамаларда, тротуарларда, саябақтар мен скверлерде 150 бірлік техника және 200 ден астам жұмысшы жұмылдырылған.Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.
Аталған мәселе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан тұрақты бақылауда. Сондай-ақ тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету тапсырылған.
Дильназ Қуанышбекқызы