Барлық қызметтер сақадай сай күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек деді өңір басшысы Асайын Байханов, жауаптты мекеме басшыларымен өткізген жиын барысында. Күн райының күрт суытуына байланысты облыс әкіміндігінде кеңес өтті. Тілші әңгімесінде.

Қыс қаһарына мінейін деді. Синоптиктердің болжамы бойынша бүгін кешке ауа температурасы төмендеп, кей жерлерде 42 градус аяз болады деп күтілуде. Осыған байланысты өңір басшысы барлық қызметтерді күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіру туралы тапсырды. Балалардың қауіпсіздігін ерекше назарда ұстауды тапсырды. Аудан және ауыл әкімдері мектеп директорларымен бірлесіп, оқушыларды тасымалдау мәселесін қатаң бақылауда болуы тиіс. Әсіресе, мектеп автобустарының қозғалыс уақыты нақты белгіленуі керек.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Аудан әкімдері ауыл әкімдерімен жиналыс өткізіңіздер. Жиын. Мектеп директорларын қосыңыздар соған. Директорлармен автобустармен шыққан келген уақыттарын белгілеп отыру керек. Баланы алды, сол уақыт қанша кетеді. Жолға кететін уақыт. Көп болса ары кетсе 40 минут кету керек. 40 минуттан бір минут кешіткі ме артынан машина кету керек. Түсінікте ме? Ертең балалар бір жерде қалып қоймасын.

 Бұдан кейін облыс әкімі салалық басқармалар мен қала-аудан әкімдеріне ауа райының күрт суытуна байланысты дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды. Ең алдымен автожолдарды уақытылы тазалау мен күтіп-ұстау, жылыту пункттерінің дайындығын тексеру қажет. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшіріледі.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Сосын тағы бір нәрсе. Ана малдың жағдайы. Малды іздеп кететін барлық жағдайын ауыл әкімдерімен жиын өткізіңіздер де осы тақырыптарды бәрін талқылаңыздар. По котельным, амбулатория, сельская местность. Углем обеспеченв, по отчетом или реально? Мед обьектерде бар ма?

Өңір басшысы білім басқармасына қашықтан оқытуға көшу туралы шешімдер алдын ала қабылданып, ата-аналарға уақтылы хабарлауын міндеттеді. Сонымен қатар тұрғындарға қауіпсіздік шаралары мен өрт қауіпсіздігі талаптарын жүргізу жөнінде ақпаратты күшейтуді тапсырды. Қала және аудан әкімдері ахуалды өз бақылауында ұстауы қажет.

Әйгерім Тоқпанқызы