Облыс орталығында Толстой мен Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында 500 миллиметрлік су құбыры жарылды. Коммуналшылар жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Апатты дереу жою үшін 2 қызметкер және 9 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Мамандар жолдарды тазалап, көктайғаққа құм себуде. Айта кетейік тұрғын үйлер ыстық судан ажыратылған жоқ.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер тарапынан апаттық учаскеде зақымдануды жою және суды сорып шығару жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тазалау және көктайғаққа қарсы шаралар атқарылуда.