Павлодар қаласында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп арнайы рейд өткізді. Ауа райының күрт суытуына байланысты баспанасы жоқ азаматтар анықталды. Олар уақытша тұру үшін арнайы әлеуметтік орталыққа орналастырылды. Мұндай шара тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жүргізіледі.

Құтқарушылар шаһарда бірнеше нысанға барды. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар жертөле мен жылу өтетін құбырлар маңында паналайды. Осындай қауіпті аймақтарға арнайы топ барып, тексеру жүргізді.

Құбырларбар жерасты орындарға ерекше назар аударылды. Бұл аумақтар жылы болғанымен, адам өмірі үшін қауіпті. Панасыз жандар көбіне осы жерде уақытша тұрақ етеді.

Тілекжан Галямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының орынбасары

Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы мен полиция басқармасымен бірлесіп арнайы рейд жүргізді. Рейдтің басты мақсаты төтенше жағдайдың аллын алу. Бүгінгі күні тұрғылықты тұратын жері жоқ адамдарды осы құдық кәріздерінен жылыту орындарынан жинап, осы оңалту орталықтарына әкеліп орналастырдық. Өйтені қазір күн суытуына байланысты рейд жұмыстарын күшейтіп жатырмыз.

Қалада баспанасы жоқ азаматтарды қабылдайтын арнайы орталық тұрақты жұмыс істейді. Рейд барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған 12 адам осы мекемеге жеткізілді. Күннің суытуына байланысты орталыққа жүгінетін адамдар саны артты. Қазір 150 орынға есептелген орталықта 140 адам тұрады. Мамандар барлық келушілерге қажетті әлеуметтік қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Әсем Әкинова, «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ директорының орынбасары

Оларға бі з арнайы әлеуметтік көмек көрсетеміз барлық жағынан. Құжаттандырудан бастап, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құжаттарын дайындап, оларға арнайы көмек көрсетіп, орындарға орналастыру үшін барлық жағдай жасаймыз. Бізде 3 мезгіл тамақ қамтылған. Жеке бас гигиенасына арналған заттар беріледі. Барлық әлеуметік қызметтерді көрсетуге біз дайынбыз. Біздің 150 орнымыз аз болып жатса, біз оны қосуға дайынбыз, ол үшін мүмкіндігіміз бар. тағы адамдарды қабылдаймыз. Егер сондай адамдарды көшеден кездестірсеңіздер, біздің орталыққа хабарласуға болады.

Орталыққа күн сайын 5-6 адам түседі. Қазір мобильді топтар қала көшелерін аралап, баспанасы жоқ және көмекке мұқтаж азаматтарды анықтауда.

Сабина Жолдаспаева