«Ертіс» телеарнасының ардагер журналисі Социал Әйтеновтің 80 жылдың мерейтойына орай қаламыздағы кітапханалардың бірінде мәдени шара ұйымдастырылды. Онда жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіліп, үзеңгілестері мен жас буын әдемі естеліктерімен бөлісті.

Өңірдің журналистика саласында аянбай еңбек еткен жандардың бірі Социал Әйтенов. Қаламы қарымды тілші ағамыз бар ғұмырын осы ақпарат саласына арнады. Газет, радио, телеарна жұмысын бір адамдай біледі, таныс. Талай тілшіге бағыт-бағдар беріп, үлкен кәсіби жолға қойған.

Социал Әйтенов, Қазақстанның құрметті журналисі

Мен ақпарат саласында жұмыс істедім. Өзіміздің екі орталық бар ғой. Жас журналистерге қарап отырам, еңбек етіп жатыр. Көп оқу керек. Көп оқу оқығасын көп нәрсеге қанығасын. Жаңалықтардан хабар дар болу үшін елмен араласып тұру керек. Жермен араласып тұру керек деген сияқты.

Социал Әйтенов 16-қаңтар күні 80 жасқа толады. Сексеннің сеңгіріне жеткен ағамызды ақсақал деуге келмейді, әлі де тың, әлі де берері мол.

Социал Әйтенов, Қазақстанның құрметті журналисі

70-тегідей емес, 80 бұл басқаша. Сондықтан қолымнан келгенше қоғамдық жұмыстарға қатысамын. Міне біздің «Ақсақалдар тағылымы» деген қоғамдық ұйым бар. Бұлардың жұмысы ұшан теңіз. Олар қаланың мектептерінде бәрінде кесетеге бөліп, аралап жүреді. Қазір ең басты тақырып отансүйгіштік қабілетті арттыру ғой.

Социал Әйтетовтың 80 жылдығына орай қалалық кітапханалардың бірінде мерекелік шара өтті. Кеш барысында ардагер журналистті шәкірттері де бейне құттықтауға мүмкіндік алды. Еліміздің түкпір түкпірінде еңбек етіп жүрген тілшілер ізгі тілегін білдірді. Ал, қатарластары естеліктерімен бөлісті.

Қаршыға Шаяхметов, Ақсу қаласының құрметті азаматы

Мен енді бір жерде туғаннан кейін жақсы білем. Ес білгелі таныспын, 75 жыл білемін. Өлеңдері ерекше. Бір кітап шығара алмғананы қынжыламын. Жинақтаса бір кітап шығады ғой енді.

Мерекелік шара кезінде Социал ағамызға жақсы сөздер мен тілектер айтылды. Кеш әдемі ән жалғасты.

Самал Қалиқызы