Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай қызметкерлері қалың қар құрсауына қалған балықшыларды құтқарды. Жолаушылар балық аулау мақсатымен шыққан. Алайда қарда көліктері тұрып қалып, өз беттерімен шыға алмаған.
112 пультіне Павлодар облысындағы Бәсентин көлі маңында жеңіл автокөлік қар құрсауына тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері толық жабдықталған арнайы техникасын пайдаланды. Төтеншеліктер аз уақыт ішінде балықшыларға жетіп, оларды эвакуациялады. Құтқарылған қос азамат Екібастұз қаласына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Мамандар ауа райының қолайсыздығана байланысты алыс жолға шықпауға кеңес береді.