Бүгін жерлесіміз Наум Шафер тірі болса, 95 жасқа толар еді. Саналы ғұмырын күйтабақ жинауға арнаған адам жайлы жай ғана айтып қою аздық етеді. Оның ғұмыры мен өнерге деген құрметі көпке үлгі.

Наум Григорьевич 2001 жылға дейін 25 000 грампластинка, қазақша айтқанда, күйтабақ, 1500 магнитофон жазулары бобинасы мен 1500 аудиокассета жинаған. Қазақстандық, шетелдік композиторлар мен орындаушылардың музыкалық туындыларының 500 мың картотекасын жасаған. Ұлы тұлғаның мерейтойына орай Иса Байзақов атындағы филармонияда еске алу шарасы өтті.

Анатолий Оноприенко, И.Байзақов атындағы филармонияның симфониялық оркестрінің әртісі

Менің есімі үлкен әріппен жазылған азаматпен таныс болғаныма қуанамын. Наум Григорьевичпен 2000 жылдары таныстық. Өмірінің соңына дейін музыка бағытында ол кісімен жұмыс істедім. 2000 жылы жазда өзі хабарласып, ұсыныс тастады.Ол көп фортепианода музыка түсірді Онегиннің операсы бар, неге Печериннің операсы жоқ деді. Осыны оркестрде түсіріп берсеңіз деді. Оны жасап, лазерлік дискіге түсіріп алдық.

Коллекцияның ең үлкен қазынасы граммофондық және патефондық 14 000 күйтабақ, ал олардың кейбірі бір-бір данадан ғана қалған. Ең алғашқы граммофон күйтабақтары 1898 жылы жазылған деп белгіленген.

Қаламқас Кудерина, еңбек ардагері

Ол кісі ортаға керек адам ғой негізі. Қазақстанға еңбегі көп сіңген адам. Адамгерлілігі мол. Кішіпейіл адам. Наум Шаферден үйренгенім көп. Әміре туралы Шаферден естідім.

Наум Шафер жинаған коллекцияда ХХ ғасыр басындағы патефон күйтабақтары — әлемдік классика жазбаларынан — Глинка, Чайковский, Рахманинов, Бах, Моцарт, Гендель, Шопен, Верди, Мендельсонның шығармалары ұсынылған. Сондықтан ұлы тұлғаның қалдырған мұрасы құнды.

Самал Қалиқызы