Сондай-ақ, Павлодар облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жаңа есімдермен толықты. Қазақстан ұлттық арнасының меншікті тілшісі, Қазақстан журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Болат Аманбаев қоғамдық кеңес мүшелегінің куәлігін алды.
Мәслихат төрағасының қатысуымен қоғамдық кеңес мүшелері кезекті рет бас қосты. Бұл жолы кеңес құрамына жаңа адамдар қосылатындығы айтылды.
Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
Қатарымызға қабылданғалы отырған әріптестеріміздің өмірбаяндары сіздерге жақсы таныс. Бәріміздің мақсатымыз ортақ. Өңір тұрғындарының әу-ауқатын жақсарту. Сондықтан, баршасына сәттілік тілеймін!
Осылай деген мәслихат төрағасы үш адамға қоғамдық кеңес мүшелігінің куәлігін табыстады. Олар: саясаттанушы Борис Поломорчук, мұнай саласының ардагері Болат Смағұлов, журналист, Қазақстан ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі Болат Аманбаев.
Қоғамдық кеңес өңірдің әлеуетін жақсарту жолындағы бірқатар міндеттерді атқарады. Құрамында 20 ға жуық адам бар.