Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды. Одна өңір басшысы облыс үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар инфрақұрылымдық, энергетикалық және агроөнеркәсіптік жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Тілші әңгімесінде.

Аймақ басшысы алдымен Екібастұз МАЭС-1 станциясында болды. Мұнда құны 29,1 млрд теңгені құрайтын жаңа түтін мұржасын салу жобасы іске асырылуда. 2024 жылдың сәуір айында қолданыстағы түтін мұржасын тексеру және жөндеу мақсатында бірінші кезектегі төрт энергоблок уақытша тоқтатылып, ішкі кремнебетонды стволдың қалдықтары толықтай жөнделген еді. Жаңа түтін мұржасы қолданыстағы нысанға жақын маңда салынуда. Бұл электр энергиясын өндірудегі шығындарды азайтып, энергоблоктарды жоспарлы жөндеумен үйлестіруге мүмкіндік береді. Пайдалану мерзімі – 50 жыл. Құрылыс аяқталғаннан кейін, 2027 жылдың қазан айынан 2028 жылдың шілде айына дейін ескі түтін мұржасын бұзу жоспарланған.

Асан Наурызғалиев, Екібастұз МАЭС-1 бас директоры

40 лет станции, требуется модернизация и ремонт. Станцияға 40 жыл болды, сондықтан оны жаңғырту мен күрделі жөндеу қажет. Жобаның жалпы құны – 96 млрд теңге. Қазіргі таңда 77 млрд теңге қаржыландырылып, оның 41 млрд теңгесі толық игерілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қазір металл конструкцияларын орнату жүргізілуде. Көктем айларынан бастап негізгі жабдықтарды монтаждау жоспарланып отыр. Одан кейін кезең-кезеңімен қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жалғасады.

Бұдан кейін облыс әкімі Greenhouse-Qaztomat жылыжай кешеніне барды.Кәсіпорын жылына 15 мың тоннаға дейін қызанақ, қияр және баклажан өндіреді. Мұнда 450 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдер еліміздегі ірі сауда желілеріне жеткізіліп, экспорт көлемі 8 300 тоннаға жетіп отыр. Өндіріс процесінде жасанды интеллект қолданылып, биологиялық қорғау әдістері енгізілген.

Ансат Жанатаев, «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС басшысы

Кәсіпорындағы басқару жүйесі арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады, онда жасанды интеллект элементтері қолданылады. Сонымен қатар, химиялық қорғаныс құралдарын пайдаланбау мақсатында биологиялық қорғау тәсілдерін өзіміз енгізіп, өндіріп отырмыз.

Меморандум аясында өткен жылы 1 желтоқсаннан бері өңірде 58,5 тонна қияр мен 7,5 тонна қызанақ сатылған. Оның ішінде Екібастұз қаласының өзіне 4 тонна қияр және 2,5 тонна қызанақ жеткізілді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде 2,6 тонна қияр мен 400 келі қызанақ тұрғындарға ұсынылған.

Жұмыс сапары аясында Асаин Байханов Шідерті кентіндегі жылумен қамту жүйесінің жаңғыртылумен танысты. 2025 жылы мұнда жалпы сомасы 640 млн теңгеге қазандық пен жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. №1 қазандық толық жөнделіп, №2, 3 және 4 қазандықтарға ағымдағы жөндеу жасалды. Сонымен қатар диаметрі 530 мм болатын магистральды құбырды қоса алғанда, 3,5 шақырымнан астам жылу желісі ауыстырылды.Кентте жылыту маусымы 10 қыркүйекте басталып, қалыпты режимде өтуде. Қатты отын қоры 2,2 мың тоннадан асады. Сапар соңында облыс әкімі жауаптыларға жылыту кезеңінде қазандықтардың жұмысын тұрақты бақылауда ұстауды және облыс бойынша жылумен қамту нысандарын кезең-кезеңімен жаңғыртуды тапсырды.