Былтыр елімізде 60-тан аса бозбала мен бойжеткен есірткі тасымалдап, таратқаны үшін ұсталып, сотталды. Биыл жыл басынан полицейлер 300 келіден аса психотропты зат тәркілеген.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар облысы мен Ақмола облысы арасында телекөпір ұйымдастырылды. Өзара ортаға салып, талқылаған сұрақ – есірткінің алдын алу, онымен күрес. Телекөпірге блогерлер, студенттер қатысты.
Ұлжыма Асаубаев, студент
Қазіргі жастардың есріткіге қарсымыз. Адал жұмыс жасайық. Соның кесірінен сіздер өз болашағыңызды құртасыздар. Сол айтқым келген.
Екі аймақтың жастары, қоғамдық кеңес мүшелері тәжірибе алмасты. Кейстерімен бөлісті. Мәселен, Ақмола облысында жастар арасында дәріханалық есірткілер танымал көрінеді. Тіпті қолданушыларды дәріханалық нашақорлар дейді екен.
Ризат Рахымжанов, ҚР ІІМ есірткімен күрес республикалық кеңесінің мүшесі
Біз бүгін көршілес аймақпен есірткінің алдын алу, есірткі заңбұзушылықтары бойынша тәжірибе алмасамыз. Өңірде жасалып жатқан шаралардың тиімділігін айтамыз. Ақмола облысында қолға алынған жобалармен танысамыз. Екі жақтың спикерлері есірткінің алдын алу, оған қатысты жауапкершілік туралы ақпарат ұсынды.
Өткен жылы есірткі қолданатындар қатары тағы 1500 адамға өскен. Сондай-ақ, елімізде 60-тан аса жастар есірткіні тасымалдап, таратқаны үшін сотталды. Сол себепті аталмыш сұрақ жастар арасында өте өзекті.
Рүстем Қайсағалиев, Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі
Есірткі мәселесі тек Павлодар мен Ақмола облыстарына ортақ сұрақ емес, ол еліміз бойынша өте қауіпті. Жастар жеңіл ақша тауып, байығысы келеді. Біздің облыста да осылай сотталып кеткен жастар бар. қаншама адамның тағдыры бүлінді. Осы ретте бүгінгі акция ұйымдастырылып отыр. Есірткісіз де салауатты, мәдениетті, жақсы өмір сүруге болатынын көрсеткім келеді.
ҚР ІІМ ақпаратынша, жыл басынан Қазақстанда 320 келі есірткі тәркіленген. Тыйым салынған заттармен ұсталғандар қатарында ел азаматтары мен шетелдіктер де бар екен.
Самал Қалиқызы