Павлодарда 39 жастағы әйел қайтыс болғаннан кейін донор болды. Оның жүрегі, бауыры, бүйрегі мен көз қабығы алынып, енді басқа адамдарға трансплантацияланады. Осылайша келіншек қанша адамның өмір сүруіне мүмкіндік беріп отыр.

1986 жылғы келіншек №1 қалалық ауруханаға 22 қаңтарда геморрагиялық инсульт диагнозымен түскен. 26 қаңтар күні дәрігерлер мидың өлуін анықтаған. Ең ауыры туыстарының бұл хабарды қабылдауы, деді дәрігер.

Дмитрий Потеребух, Павлодар облысы бойынша трансплантология жөніндегі үйлестіруші

26 күні консилиум кеңесінде мидың өлгені туралы белгілі болды. Клиникалық және басқа әдістерден кейін. Туысқандарына айтылды, олар үшін бұл өте ауыр болды. Ал, донорлық бойынша тіпті оларға айту қиын болды. Олар ойлануға уақыт сұрады. Екінші күні келісімін берді. Донордың ағзалары Астана қаласына трансплатанция үшін жіберілді, жетті. Донордан жүрек, бауыр, бүйрек, көздің қабығы алынды. Бүгін күндіз трансплантация бойынша операция жасалды.

Осылайша бір адам реестрде жылдар бойы кезекте тұрған бірнеше репициенттің өмірін сақтап қалды. Ал, қайтыс болғаннан кейін донор болу бойынша павлодарлықтардың пікірі екіге бөлінді.

Айта кетейік, бұл жыл басынан елдегі екінші донор. Бірінші донор Алматыда болды.

Самал Қалиқызы