Шаһарымызда Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Ел – ортақ жауапкершілік» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында «Жасыл Ел» еңбек жасағы №36 білім ордасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл бастама жастарды қоршаған ортаны қорғау жобаларына тартуды жүйелі түрде дамытуға бағытталған.
Шара барысында қатысушылар өз тәжірибелері мен идеяларын ортаға салды.
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері экологиялық және шығармашылық жобаларын таныстырды. Өткен жыл бойы атқарған жұмыстарын баяндады.
Русана Сулаймонова, «Jasyl el» Павлодар облыстық штабының директоры
Таза Қазазстан акциясы аясында осы жылдың алғашқы кездесуіміз. Бұл әрине дөңгелек үстелден бастап, әрбір ұйымдармен, оқу орындармен ынтымақтастық аясында жүргізілетін шара. Басты мақсаты осы жылға және келесі жылдарға ынтымақтастық құру. Сондай-ақ мақсатымыз бірнеше оқу орындары мен колледждерінде Жасыл ел штабын ашу. Бұны әрине дөңгелек үстелде талқылайтын боламыз.
Кездесуде «Жасыл Ел» еңбек жасағы экология саласында №36 мектеппен ынтымақтастық орнатты. Осы білім ордасында алдағы уақытта жасыл ел штабы ашылатын болады.
Дөңгелек үстел барысында А. Байтұрсынұлы атындағы инновациялық мектептің оқушылары, Павлодар қаласының «Электроника және коммуникациялар жоғары колледжі» мен «Монтаж колледжі» студенттері өз жобалары мен бастамаларын таныстырды. Барлығы төрт жоба болды.
Томирис Алетинова, Павлодар қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жобб мектебінің 7-сынып оқушысы
Біз экология туралы айтып беруге келдік. Сыныппен экологиялық акцияларға қатысамыз. Мысалы, жануарлар паналығына барып, мысықтарды тамақтандырдық, ойнадық. Сонымен қатар «Көліксіз күн» акциясын өткіздік, сол күні тек жаяу жүріп, автокөлікті қолданбадық. Мектеп ауласында құстарға арналған жемшөп орнаттық. Сондай-ақ «Біз әлемді тазалаймыз» акциясына қатысып, саябақты тазаладық. Экологияға қамқорлық – табиғатты таза ұстау деген сөз. Біз мектептегі кіші сыныптарға үлгі көрсетіп, оларды да табиғатты қорғауға, акцияларға қатысуға шақырамыз.
Қатысушыларға «Jasyl school» жобасы ұсынылды. Бұл бастама жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Олар интерактивтік ойындар мен заманауи оқу әдістерін қолданады.
Сабина Жолдаспаева