Павлодар қаласындағы №10 сәбилер балабақшасында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық челлендж өтті. Ойын мен танымды ұштастырған шарада бүлдіршіндер табиғатты қорғаудың маңызын ерте жастан үйренді.

Тәрбиеленушілер төрт тақырыптық аймақта дайындалған тапсырмаларға үлкен қызығушылықпен қатысты. Мұнда балалар тек ойнап қана қоймай, табиғатты қорғауды ерте жастан үйреніп келеді.Алдағы уақытта балабақшада арнайы экологиялық кабинет ашу жоспарланып отыр. Бұл ерте жастан бүлдіршіндердің табиғатты аялауға дағдылайды.

Маржангүл Жетпісқызы, №10 сәбилер балабақшасының басшысы

Бүгінгі таңда №10 сәбилер бақшасында қоршаған ортаны ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында таза қазақстан аясында мектеп алды 25 бала қатысып отыр. Балларал мұнда көгалдандыру, жинау бойынша өтеді. 14 топ 360 бала тәрбиеленуде.

Челлендж аясында балалар төрт бағыт бойынша жұмыс істеді. Олар пластик қақпақшаларды жинады, қалдықтарды бөлек жинауды үйренді, гүл отырғызып, өсімдіктерге күтім жасады және қоршаған ортаға қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал шығармашылық аймақта тәрбиеленушілер табиғи және қайта өңделетін материалдардан түрлі бұйымдар жасады.

Сафия Сәбит, №10 сәбилер балабақшасының тәрбиеленушісі

Суды ауаны таза ұстап жануарларға қамқор болу. Қоқысты жәшікке тастау керек. Қоқысты шашуға болмайды.

Айару Қуан, №10 сәбилер балабақшасының тәрбиеленушісі

Қоқысты тастамаймын ағаштарға су құйямын. Тазалық сақтаймын, ағаштарды сындармаймын. Тіс жуған кезде кранды жауып қою керек,суды көп ағызуға болмайды.

Челлендждің қорытындысы заманауи технологиялармен жалғасты. Жас шеберлердің жұмыстары жасанды интеллект көмегімен экранда жанданып, түрлі жарқын бейнелерге айналды. Бұл формат балаларға табиғатты қорғау тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты да болатынын көрсетті.

Дильназ Қуанышбекқызы