Сыр бойында өткен келелі жиында Президент еліміз үшін маңызды ұсыныстарды айтты. Онда жиыны 200 ге жуық міндет айқындалды. Соның бірі конституциялық реформа.
Мемлекеттің кемелденуіне, ілгері дамуы үшін басты заңымыз халыққа қызмет етіп, елдің негізін ұстап тұратын заң болуы тиіс. Осы ойдың негізінде Мемлекет басшысы құрылтайда конституциялық реформа жүргізуді тапсырды.
Асылбек Туғанбай, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты
Биылғы жыл біздің ел үшін ірі саяси жаңалықтармен басталды. Бұл Қызылордада өткен 5-ші құрылтай қандай мәселелер көтерілді мына Парламенттегі реформа, конституцияға енгізілетін өзгерістер. Айтылып жазылып жатыр. Соның ішінде айта кететін бір жағдай Президент Конституциялық кеңес құру туралы Президент жарлыққа қол қойды. Конститутциялық кеңес өз жұмысын бастап кетті. Қазір 3-4 отырысы өтті. Алдағы реформа халықтың әл-ауқатын көтеру, халыққа ыңғайлы болу үшін жасалып жатқан шаралар бұл жерде халықтың пікірі өте маңызды, реформа сол үшін болайын деп жатыр. Халық өз таңдауын жасау керек.
Заң жобалары мен тармақтарын ғалымдар, саясаткерлер, мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділері талқылап жатыр. Елордада бірнеше кеңес отырысы өтті.
Әйгерім Тоқпанқызы