Павлодар қаласының оқушылары есірткімен күресуде. Ол үшін мектептерде арнайы наркобекеттер де жұмыс істеп тұр. Оқушыларға есірткінің зияны мен залалы туралы ерте жастан хабардар ету маңызды.
Есірткі бекеттері мектептерде орналасқан ұйымдар. Олар бір ай бойы есірткі, шылым шегудің алдыну алу бойынша түрлі жобаларды қолға алып, ұйымдастырды. Шара Достық үйінде қорытындыланды. Оны «Аналар кеңесі», полиция департаменті бірлесе өткізді.
Назира Сейтова, «Нұр-ана әлемі» ҚБ төрағасының орынбасары
Бұл сайыс мектептің 13 мектеп қатысып жатыр. Алдымен өздерінің құжаттарын дайындады. Екінші кезеңге жолдама алды. Мектеп оқушыларының дайындығы жоғары. Марапаттау болады.
Дені сау ұрпақ өсіру үшін санасына сапалы ақпарат жеткізу керек. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратып берген абзал. Осы ретте, оқушылар жобаларын таныстырды, өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасы әділ бағаларын берді.
Бақытжамал Максилова, «Аналар кеңесі» Павлодар облыстық филиалының төрағасы
Бүгін өтейін деп шараларыңыз өте өзекті, керекті шара. Сондықтан біздің елде жақсы болашақ болу үшін зор денсаулық, жақсы ғұмыр өту үшін осында шара өткізіп жатырсыздар. Ең бастысы сіздердің қатысқандарыңыз.
Ұйым есірткінің алдын алу, онымен күрес жүргізу бойынша жұмыс істейді. Бұл бағытта жастардың, оқушылардың қатысқаны қуантады. Жастайынан психотропты зат кесел екенін біліп, таниды.
Назым Тұрсынбаева, Мәшһүр жүсіп атындағы мектептің оқушысы
Біздің 19 мектепте жиі есірткіге қарсы жиналыстар, семинарлар өткізіледі. Өте жиі іс шаралар қолға алады. Біздің мектептен 6 оқушы қатысады. Зиян екенін көрсеткіміз келеді.
Шара соңында гран приді қаламыздың №11 мектебі иеленді. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Самал Қалиқызы