Павлодарлық оқушылар алаяқтық, дропперлік, қаржы пирамидалары мен вейптерді сату сынды қылмыстарды ашты. Квест ойынының сценарийі бойынша командалар 10 станция арқылы өмірлік жағдаяттардан өтеді.
Оқушылар сарайында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында интерактивтік квест ойын өтті. Қатысушылар командаларда ұсынылған жағдайларды талқылады, оларды қауіпсіз, күмәнді және қауіпті санаттарына бөлді, шешімдерін дәлелдеді. Бұл формат сыни ойлауды, ақпаратты талдау дағдыларын дамытуға және салмақты шешімдер қабылдауға ықпал етеді.
Аружан Оразбаева, №35 ЖОББ мектебінің оқушысы
Менің ойымша қаржылық сауаттылық қазіргі заманда жас балаларға өте маңызды. Оқушылармен сөйлесіп, жақсы түсіндіріп отыруға болады. ++++бізде кәсіпкерлік деген сабақ бар. Сол сабақта мұғалім балаларға дұрыс қаржылық сауаттылықты үйретеді көрсетеді. Өзінің білімін беріп бізге.
Курьерлік жеткізу туралы алаяқтық хабарламалар, банк карталары туралы өтініштермен хат алмасу, әлеуметтік желілердегі жалған профильдер, жасөспірімдерді дропперге тарту және қолма-қол ақша, қаржы пирамидалары және "жылдам табыс" схемалары, вейптерді сатып алу және таратумен байланысты тәуекелдер станциялар ретінде қарастырылды.
Алена Шияненко, М.Катаев атындағы оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі
«Заң және тәртіп» айлығы аясында бүгін оқушылар сарайында «Заң және тәртіп» интерактивтік квест ойыны ұйымдастырылды. Шараға 10 қатысушыдан 10 мектеп қатысты. Оқушылар 10-11 сыныпта білім алады. Командалар ұрандарын айтып, капитандарын таңдайды. Жалпы 10 станция болады. Онда балалар өмірлік жағдаяттардан өтеді. Оқушылар жалған ақпарат, алаяқтарды, дроперлерді тану, жеке ақпараттарды таратпау бойынша ақпарат білді. Осындай шаралар балалардың сауатты әрі мұқият болуға үйретеді.
Ойын соңында командаларға жасанды интеллект қолданылып тапсырмалар берілді. Сол тапсырманы орындағандар жеңімпаз атанды.
Самал Қалиқызы