Өңірге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов келді. Екібастұз қаласында Үкімет басшысы энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және көмір генерациясын дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Сапар барысында Премьер-Министр «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Аталған кәсіпорын – еліміздегі жетекші көмір өндіруші компаниялардың бірі. Ол Қазақстанда өндірілетін көмірдің елеулі бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ Олжас Бектенов Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2 нысандарында болды. Онда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жобалары таныстырылды. МАЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктардың құрылысы станса қуатын 2,1 гигаватқа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан кейін Премьер-Министр «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын іске асыру жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді. Жоба Екібастұз энергия торабы базасында жүзеге асырылады.

Нұрбақыт Саясат, жасанды интеллект инфроқұрылымы басқармасы бастығының М.А.

Ұлттық құрылтайда деректерді өңдеу орталығы алқабын ұйымдастыр бойынша оңтайлы деп қабылдады. Осы ретте үкімет тисті мемлекеттік органдаомен бірлесе отырып Павлодар облысы Екібастұз қаласында жасанды интеллект негізіндегі өңдек алабын негізгі жұмыс тобын құрды. Осы жұмыс тобы аясында жер учаскесі айқынжалды. Бұл учаскіде кемінде 10 деректі өңдеу құрысатыру жұмыстары жүргізетін болады.

Жобаның бастапқы кезеңінде 200 гектар жер телімі қарастырылып, алқапты болашақта 1300 гектарға дейін кеңейту көзделген. Инвестициялардың болжамды көлемі шамамен 30 млрд АҚШ долларын құрайды. Үкімет басшысы бұл жобаның елдің цифрлық экономикасын дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

Әйгерім Тоқпанқызы