Павлодарда алғаш рет көздің қасаң қабығы трансплантацияланды. Осыған дейін бұндай оталар тек ірі орталықтарда жасалатын. Қазір екі пациенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын 39 жастағы павлодарлық келіншек қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болды. Оның көзінің қасаң қабығы екі пациентке салынды. Аталмыш операция біздің облыста алғаш рет жасалды, деді дәрігерлер. Бұған дейін тек республикалық деңгейдегі орталықтарда ғана өтетін.

Қасымхан Тілеубаев, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі

28 қаңтарда бірінші рет донорлық материал алынды. Сол күні екі науқасқа, екі операция жасалды. Ол пациенттер күту парағында тұрған еді. Ота 1,5-2 сағатты қамтыды. Бүгінгі таңда облыста күту парағында 38 адам тұр. Бұл соңғы екі жылда жиналған пациенттер.

Көз жанары жаңарған науқастар 1956 және 1945 жылғы өңір тұрғындары. Айта кетейік, қазір репициенттердің жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында. Оңалтуға 1 жылдан аса уақыт керек екен.

Ақмарал Естаева, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының офтальмолог дәрігері

Операция мәмс аясында жасалды. Менің науқасым 1956 жылғы. 2020 жылдан бері бұлдырлау болды. Донорға оның отбасына шын жүректен алғыс білдіреміз.

Кератопластика – көздің қасаң қабығын трансплантациялау. Әлем тәжірибесінде, 100 жылға жуық аталмыш операция жасалады. Біздің елде біраз уақытқа дейін консервіленген қасаң қабық пайдаланылды.

Самал қалиқызы